среда, 27 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Конституция жаңармай, жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес - сенатор

Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының таяудағы сессиясында айтқан ұсынысына түсініктеме бере отырып, президенттің Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы бастамасы еліміздің Негізгі заңында жазылған басты қағидатқа негізделгенін айтты, хабарлайды Exclusive.kz.

- Қолданыстағы Конституцияда "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық" деп нақты жазылған. Осы қисынға сүйене отырып, жалпыхалықтық референдумда халықпен ақылдаса, елдің Ата Заңына өзгеріс енгізу қажет. Сондықтан мен президентіміздің бастамасын толық қолдаймын, - деді сенатор Құл-Мұхаммед.

Сенатор бұл бастаманың мемлекет басшысы қызметке кіріскен сәттен бастап жариялаған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың жалғасы екенін атап өтті.

- Ашығын айтқанда, біз халықпен ақылдасуды ұмыттық. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы елде бірде-бір референдум болған жоқ. Халықтың қуатты қолдауы Қасым-Жомарт Кемелұлына саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды одан әрі ілгерілетуге күш береді. Конституцияны жаңартпай әділетті, жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес. Тек халықтың үніне құлақ асу керек, - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Фото ашық деректерден

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33