Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді- БАҚ
Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қару қолданған. Оқиға 5 мамыр күні Жалал-Абад облысы, Ала-Бұқа ауданы, Ақтам ауылдық кеңесінің Добо-Қорған елді мекенінде болған. Бұл туралы Орда хабарлайды.
24.kg сайтының ақпаратына сәйкес, үш қырғызстандық азамат жарақат алып, Ала-Бұқа аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар сол жерде ес жимастан қайтыс болған.
«Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қырғыз Республикасының Ала-Бұқа бағытындағы шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағытындағы шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тергеу қорытындылары бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға уағдаласты. Факті бойынша тергеу шаралары басталды» деп хабарлайды Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі.