Түрікменстаннан 500-ге жуық этникалық қазақ елге оралды
Түрікменстаннан 490 этникалық қазақ елге оралады.
- 2 маусым күні Түрікмен темір жолдары Түрікменстанның 490 азаматын – этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға шығарады. Шешімді 11 мамырда Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша Аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссия қабылданды, - делінген хабарламада.
Жолаушылар үшін Түркменбашы – Берекет–Серхетяка бағыты бойынша пойыз ұйымдастырылады.
Былтыр 161 қазақ Түрікменстаннан тарихи отанына оралған. 2020 жылы Түрікменстан азаматтығынан 319 адам бас тартқан, 70 адам - этникалық қазақ.
Фото ашық деректерден