Тоғайбаева: Мерекенің басты мақсаты - отбасылық құндылықтарды насихаттау
Алматы мемлекеттік энергетика жəне электронды технологиялар колледжі отбасы күнін атап өтті. Оқу орнында дәстүрге айналған бұл мереке туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары пікір білдірді.
- Біздің колледжде отбасы күнін атап өту дәстүрге айналды. Бұл мерекенің негізгі мақсаты - отбасылық құндылықтарлы насихаттау. Студенттердің ата-аналары мен ұстаздар еркін пікір алмасады. Бұл мереке бірнеше кезеңнен тұрады: спорттық жарыстар, концерт, көрме және белсенді ата-аналарды марапаттау. Мерекенің ең қызықты сәттерінің бірі - спорттық жарыстар. Ата-аналардан құралған командалар өзара сайысады. Колледжде 4 бөлім бар: электрэнергиялық, радиотехникалық, жылуэнергетикалық, менеджмент және ақпараттық технологиялар бөлімі. Жыл сайын шығармашылық жарыстарда өздері жасап шыққан макеттерін ұсынады, - деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоғайбаева Нәзира Қуандықовна.
Назира Тоғайбаева шығармашылық сайыстардың басты мақсаты қолөнерді дәріптеу екенін айтып, бұл мерекенің қолөнерді заманауи бағытта қолдануды насихаттау екенін жеткізді.
- Халықаралық шығармашылық сайыстардың басты мақсаты - қолөнерді дәріптеу. Қолөнер бағыты бойынша көптеген қазақи дәстүрлер ұмытылып кеткен. Сайыстар арқылы өскелең ұрпаққа қолөнерді заманауи бағытта қолдануды насихаттаймыз. Студенттердің ата-аналары ертеде қолданылған құрал-саймандар, технологияларды көріп еске алды. Ата-аналардың қолдауы арқылы ескі қолөнер дәстүрлерін жаңғыртамыз. Мерекеміз дәстүрлі түрде әр бастамамызға қолдау білдірген ата-аналарды мараппатаумен аяқталады. Колледж мұғалімдері ата-аналарға арнайы концерттік бағдарлама дайындайды, - деді Нәзира Тоғайбаева.