Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 10 жылға сотталды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға сотталды.
Нұрлан Таубаев аса ірі көлемде пара алуға әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот шешімі бойынша 10 жылға сотталды.
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Айта кетейік, шенеуніктер Құлсары қаласындағы ірі әлеуметтік нысандардың бірін қабылдау актісіне қол қоюға көмектескені үшін 182 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Фото:gov.kz