Ақтауда ешкімді танымай қалған сарбаз үйіне қайтарылды
Ақтауда төрт күн бұрын ғана әскерге аттанған сарбаз есінен адасқан. 19 жастағы Талғат Айтмұханов өз-өзімен сөйлесіп, артынан іздеп барған туыстарын да танымай отыр. Талғаттың әкесі үйінен сап-сау кеткен балаға не болғанын білмейді.
19 жастағы Талғат Айтмұханов Ақтаудан 400 шақырым жердегі Бейнеу ауданының тумасы. Сарбаздың әкесі ұлын әскерге алып кеткенін де білмей қалғанын айтты.
Лада мәліметінше, мерзімді қызметтегі сарбаз Талғат Айтмұханов борышын өтеуге шақырылғаннан кейін бір апта өткенде Бейнеу ауылына қайтарылды. Бұл істің мән-жайын әскери полиция тергеп жатыр.
Фото Бибігүл Рамазанның fb парақшасынан алынды