Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді
Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– 16 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А.А. Мадемаровқа қатысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының тәртібімен өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.