Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды.
- Қасым-Жомарт Тоқаевты Бішкектің "Манас-2" халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы - президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 мамырда Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне-конференция режимінде өтетін отырысына қатысады.
Фото ашық деректерден