понедельник, 23 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Тұңғыш абайтанушы туралы бар ақиқат (2 бөлiм)

Ә.Н. Бөкейхан тұтқындалған 1906 жылдың қаңтарынан бастап Дала өлкесі облыстарында Алаш қозғалысы жетекшілерімен қатар, Географиялық қоғамның Семей бөлімшесі мүшелерін де қудалау басталды. Нәтижесінде Абай шығармаларының тұңғыш жинағы шықпай қалды. Қазақтан 12 депутат сайланған  Мемлекеттік думаның І- және ІІ-шақырылымдары күштеп таратылып, ІІ Дума қуылған 1907 жылдың 3 маусымында ІІ Николай патша қол қойған сайлау туралы жаңа заң шығып, 5,5 млн қазақ халқы сайлау құқынан айырылысымен Алаш жетекшілерін қудалау өрши түсті. Оның ішінде Әлихан І Думаны таратуға наразылық білдіріп «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін 3 ай түрме жазасына кесіліп, Семей түрмесінде 3 айдың орнына 8 ай отырып, 1908 жылдың желтоқсанында бостандыққа шықты (№ 3 сурет). А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлының 1917 жылғы бір мақаласында атап көрсетілгендей (Байтурсунов А., сотрудник газ. «Казак» и член Тургайской областной гражданской управы, Дулатов М., сотрудник газ. «Казак» и член Тургайской областной гражданской управы. Наш ответ докладной записке [Алибия Жангельдина], напечатанной в № 123 «Заря» от 5 сентября с.г./ «Южный Урал», 14.09.1917 г., № 10. – Сс. 3-4.), Алты Алаш көсемі өзіне әбден өшіккен Дала генерал-губернаторы әлгі атам заманғы «әкімшілік тәртіп» бабымен «ит жеккенге» айдайтынын сезіп, өз ықтиярымен алдымен С.-Петерборға, одан Самарға «эмиграцияға» кетті. Әлихан «қазақтың бас ақыны» Абай шығармаларының тұңғыш жинағын ешбір қиындықсыз Қазан не Уфада қалаларында басып шығарар еді. Бірақ туған Ұлы дала елінің отаршыл әкімшілігіне енді өзі әбден өшіккен Алаш көшбасшысы да ұлы ақынның тұңғыш жинағын отаршыл империяның төл астанасында жарыққа шығарды. Кітаптың өзінде жазылмаса да, жинақ Әлиханның «ыждаһатымен» шыққанын Абайдың «опатына дәл он жыл толуына» орай жазған «Абай» (Опат 23 иун 1904-інші жыл) атты мақаласында Міржақып Дулатұлы (мақалаға М.Д. деп қол қойған. – С.А.): «1909-ыншы жылы Абайдың балалары мен інілерінің ризалығы һәм Ғали ханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургте Бурагански

№ 4 фото. Әлихан Бөкехан – Семей абақтысында. 1908 ж., Семей

баспаханасында басылып шықты», - деп атап көрсеткен-ді (М.Д. Абай (Опат 23 иун 1904-інші жыл). – Орынбор: «Қазақ», 23.06.1914 ж., № 67. – 1 б.). Одан бір жыл бұрын,  тағы сол «Қазақ» газетінде жарық көрген «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы Әлихан Бөкейханның «Семипалатинский листок» газеті мен «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела» жинағындағы мақаласындағы төмегнідей пікірін келтіреді: «Хақиқатты табуға, тереңнен сөйлеуге бойына біткен зеректіктің үстіне Абай һәр түрлі Еуропа білім иесілерінің кітаптарын оқыған. Тәржіме халін жазушы Ғали хан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Луис, Дрепер деген Еуропаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған» (А. Б. Қазақтың бас ақыны (Басы 39 һәм 40-ыншы нөмірлерінде). – Орынбор: «Қазақ», 1913.22.12, № 43. – 2-3 бб.).

Әлихан «қазақтың жалғыз ақыны» Абайдың өзіне ғана емес, көзі тірісінде «ұстазым» дейтін Евгений Михаэлиске де дүние салғанда азынама мақаласын арнады. «1880-нші жылдарда көп орыс жұртын ілгері бастыру, өзге сүйреу жолында қызмет еткен жастан шет жерге жер аударылғанда, - деп жазды Қ. Б. [Қыр баласы] азанамасында, - Михаэлис біздің Семейге айдалып келіп, сонан бері біздің қазақ жерінде қалған еді. Қазақтың жалғызы, ақыны Абайды тұра жолға салған осы Михаэлис еді. Абай өле-өлгенше менің көзімді ашқан, маған жаны ашарлық қылған Михаэлис еді деп айтып отырушы еді» (Қ.Б. Офат (Е.П. Михаэлис). // «Қазақ», 1913.08.12, № 44. Орынбор. – 4 б.).

Әлихан елге Кеңес өкіметі үстемдігін орнатып, өзін 1922 жылдың желтоқсанынан бастап ОГПУ-НКВД-ның қатаң бақылауында Мәскеуде күштеп ұстаған кезінде де ұлы ақынды назарынан тыс қалдырмады. КСРО халықтарының Кіндік баспасында Қазақ бөлімінің редакторы қызмет атқарған жылдары ол өзінің елде қалған үзеңгілестеріне кім қандай кітап, қандай тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығын жазу керектігін, оның ішінде Абайды мектеп оқулығына кіргізуді А. Байтұрсынұлына тапсырып отырғанға ұқсайды. Мысалға, 1925 жылдың жазында Мәскеуден Ахметке жазған бір хатында ол: «Абай мен Алтынсарының балас жөніндегі жазуыңды күзге дейін бітірсең де кеш емес. Нәзір де [Төреқұлұлы] Абай туралы жазбақшы. Мейлі жазсын», - дей келіп, әрі қарай: «Алтынсарының баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң, жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе! Егер ол қазір өмір сүрсе сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ», - деп шәкірті әрі үзеңгілесін рухтандырады (Бөкейхан Ә.Н. Таңдмалы – Избранное. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. – 397 б.). Алайда А. Байтұрсынұлы «қадірлі Әли» ағасына жазған жауабында мынадай жайтты баяндайды: «Қазақ мемлекеттік баспасымен келісілген шартқа сәйкес, мен жаңа емле бойынша 3 грамматике және қазақ әліппесін қайта жасауым керек. Аяқталу мерзімі: біріншісі 15 маусым, екіншісі – 1 шілде, үшіншісі – 1 тамыз, төртіншісі – 20 тамыз. Міне сол уақытқа шейін басқа жұмыстарға қарауға мұршам жоқ; оның үстіне қазақ-қырғыз институтында оқу басталса, тағы да бос уақыт болмай қалады. Сол себепті де 20 тамызға дейін Ибраһимнің (Абайдың) ғұмырбаянын жаза алмайтынымды анық айтамын. 20-тамыздан соң уақыт бола ма, жоқ па – оны білмеймін» (Бөкейхан Ә.Н. Таңдмалы – Избранное. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995. – 398 б.). Ал «Алтынсары баласының суретін «Шолпан» журналының № 6, 7, 8 кітап жинағынан табасыңдар. Одан басқа менде суреті жоқ» деуіне қарағанда, Ахметтің, қанша дегенмен де, Ыбырай Алтынсарыұлының ғұмырбаянын жазып бергені анық. Ал Абайдың ғұмырбаянын жазуды ұлт көшбасшысы енді кімге тапсыруы мүмкін еді?

Әлкей Марғұланның естелігі бойынша, Әлихан 1925-1927 жылдары Ленинград мемлекеттік университетінде профессор ретінде студенттерге дәріс оқиған. Ал Ленинградқа дәріс оқуға барған күндерінде ұлт көсемі 1923-1928 жылдары сол университеттің филология факультетінде оқыған Мұхтар Әуезұлының жалдаған пәтеріне тоқтайтын. Елдегі үзеңгілестері, оның ішінде Әлімхан Ермекұлы өзінің ОГПУ-НКВД тергеушісіне берген жауабында мәлімдегеніндей, Әлекеңе жазған хаттарын сол пәтерге жолдайтын: «...Маған 58-баптың 10-тармағы бойынша тағылған айыпқа – менің Мұхтар Әуезовке  жазған хатымдағы жер мәселесі жөніндегі пікірім негіз болыпты. Қолтаңбасына қарағанда, шындығында да хатты жазған менмін. Бірақ ондай мағынадағы хатты Мұхтар Әуезовке емес, Әлихан Бөкейхановқа жазғанмын. Ол кезде мен Ғылым академиясының Қазақстанды зерттеу бөлімінде істейтінмін және Қазақ халық комиссариатының тапсырмасы бойынша қазақтарды жерге орналастыру мәселесін негіздеумен айналыстым, сонымен қатар ол (Бөкейханов. – С.А.) федералдық комитеттің мүшесі болатын (егер сол кезде таратылып кетпесе). Осы комиссияның құрамында жүріп Қазақстан үшін үшін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өзі Мәскеуде тұратын, қызмет бабымен ара-арасында Ленинградқа баратын. Лиза Бөкейханова мен Шоқаневаның (?) айтуынша, онда Әуезовтің үйіне тоқтайтын» (Движение Алаш: Сборник материалов судебных процессов над алашевцами. Трехтомник. – Алматы: ФФ «Ел-шежіре», 2011. – Т. 2. - 190 б.). Міне Ленинград оқуынан кейін Мұхтар өз шығармашылығында біржола Абайға ден қойды емес пе? Оған дәлел: арада тура 5 жыл өткен 1933 жылы М. Әуезұлы Қызылордада латын әрпінде Абай Құнанбайұлы шығармаларының тұңғыш толық жинағын жарыққа шығарып, Абай шығармаларының тұңғыш ғылыми жинағын әзірлеуді қолға алған жоқ па еді? Сонда Мұхтар Әуезұлының бетін біржола Ұлы Абайға бұрған кім болып шығады? Жауапты оқырманның өзі айтар..

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33