понедельник, 18 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстанның 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 5 жыл

 

Мемлекеттік қызметтер бойынша тәулігіне 24 сағат тегін қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 5 жыл толды. Құзыры үкіметпен бекітілген орталық 2011 жылы қарашаның 29-ы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық үкімет байланыс орталығының негізінде құрылған.

2011 жылы небәрі 30 қызмет түрі көрсетілсе бүгінгі таңда орталық операторлары халыққа 736 қызмет түрі бойынша жұмыс жасайды.

Байланыс орталығына хабарласатын азаматтардың басым көпшілігі төлқұжат, жеке және жүргізуші куәлігін алу, мекенжай туралы анықтаманы алу, сонымен қатар баланың дүниеге келуі мен күтіміне  байланысты жәрдемақыны рәсімдеу сұрақтары бойынша хабарласады.

Байланыс орталығының директоры Анар Ұлманованың айтуы бойынша «ББО бастапқыда қарапайым байланыс орталығы болған. Ал қазіргі уақытта азаматтармен қарым-қатынас орнатудың қосымша арналары бар. Енді мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша 1414.kz сайты, электрондық пошта және виртуалды онлайн-көмекшілер арқылы хабарласуға болады».

Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық стандарттарға сәйкес EN 15838 сертификатының иесі, WSIS PROJECT PRIZES 2016 халықаралық конкурсының жеңімпазы (Женевада өткен). Аталған жетістіктер консультациялық қызметтердің жоғары сапада көрсетілетінін мойындатады, әрі халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тұтынушыларға қызмет көрсету процестердің жүйеге қойылғандығын дәлелдейді.

ББО мамандары күніне 10-15 мың өтінімдерді өңдейді. 2015 жылы түскен өтінімдердің жалпы саны 3,6 млн-ды құраса, ал 2016 жылдың 10 айында өтінімдер саны 3,7 млн.-ды құрайды.

Орталықта 127 оператор, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі  жандар жұмыс істейді, қызметкерлер үшін жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Операторлардың орташа жасы  - 25.

Жұмысқа қабылдау алдында операторлар сұхбаттасудан өтеді, бұл кезде дикциялары, күйзелістік жағдайларда сабырлық сақтауы, мемлекеттік тіл бойынша білімі тексеріледі. Сұхбаттасу сәтті аяқталған жағдайда үміткерлер бір аптадан үш аптаға дейін оқыту курстарынан қатысып, нәтижесінде тест тапсырады. Естеріңізге салсақ, операторлар тәжірибесі мен біліктілігіне қарай 3 категорияға бөлінеді.

Кеңесшілердің (консультанттар) жұмысы нәтижелі болу үшін олар ауысымдарға, топтарға және жобаларға бөлінеді, біліктіліктерін арттыру үшін мемлекеттік қызметтерге қатысты барлық сұрақтар бойынша үнемі оқыту курстары ұйымдастырылады. Операторлардың білімдерін арттыру жолында 6 супервайзер және 18 әдіскер жұмыс жасайды. Ай, тоқсан, жыл сайын байланыс орталығының үздік мамандары анықталады.

Естеріңізге салсақ, еліміздің кез келген жерінен және кез-келген телефоннан тәулік бойы жұмыс істейтін 1414 нөміріне хабарласу арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша консультация алуға болады. Хабарласу тегін.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33