вторник, 24 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Сайлаудың да сұрауы бар

Расул Жумалы: Ассалаумалейкум Алаш елі, сіздердірмен бірге «Жаңа Қазақстан» жауап береді жобасы. Бүгін студияда Әміржан Қосанов, Айдос Сарым және мен Расул Жумалы әдеттегідей осы аптаның ең маңызды оқиғаларына тоқталып өз ойымызды ортаға саламыз. Бәлкім осы аптаның ен маңызды жаналығы, шешімі, кәзір әлеуметтік жүелерде, басқа жерлерде өте қызу талқыланып жатқан, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған мәлімдемесі. Оған сәйкес Қазақстанда мерзімінен ерте, кезектен тыс президентік сайлаулар өтетіндігі. Осыған қатысты енді өз ойларынызды білдіре отырсаныз, және бәлкім басқа уақыт қалып жатса, басқа да мәселерге тоқталып өтеміз.

Әміржан Қосанов: Сайлау жарияланды. Кез келген елдегі саяси процесске сайлау катализатор болады, яғни соның жанаша сапаға көшуіне, жандануына, белсенділік танытуына әсер етеді. Өкінішке орай, Қазақстандағы сайлау заңдамасын біз демократиялық принциптерге, ОБСЕ талаптарына немесе халықтың талабына сай деп айта алмаймыз. Сондықтан қалай болғанда да осының ішінде сізбен біз қатысымымз бар, демократиялық күштер бірікен шешім қабылдаумыз керек. Қазір бірнеше көзқарас бар. Мәселен, кейбір әсіресе сыртта жүрген, елдегі процесстерге ресми түрде қатыса алмайтын азаматтар байкот деп жатыр. Яғни кез келген осы сайлауға қатысушы, ол мына режимнің сойылын соғады, шашбауын көтереді, соның құыршағы болып қалады деген айыптар тағылып жатыр. Менім жеке өзім, сіздер біздер бәріміз ақылдасып жатырмыз ғой, көрерменге айтарым, сайлау процессін біз сол саяси категория тұрғысынан қабылдау не береді? Біз сол 9 маусыммен ғана өмір сүреміз ба, әлде 9-шы маусымнан кейін Қазақстанның болашағын қалай анықтаймыз? Осы сайлауға түскен кездегі біздің бағдарламамыздың оңтайлы тұстарын халық қолдап жатса, оның ертен билік нақты іс-қимыл бағдарламасына кіргізіп жатса деген үміт жоқ емес, бар. Әрине өз басым менім, кәзір билік үшін де, егер бас қатыратын болсақ дәл кәзір мен билікте осы сайлуға толық қанды 100 % анықталған позиция бар деп ойламаймын. Мәселен кәзір Тоқаевтың қасында бірнеше идеологтың пайда болғаны ұнамайды. Қарап отырсаңыз не көп, кеңесші көп. Ана жақтан Марат Тажин бар, басқасы бар, олар қандай мәселемен араласады. Осындай кезде қойшы көп болса, қой арам өледі деген мақал еске түседі. Ал кәзіргі таңда белгілі рельске қойылған экономика бар, Назарбаев 6,2 млрд доллар бөліп жатқан әлеуметтік мәселелер бар, ал бірақ саяси реформа мәселесі, осы сайлауда қалай шешіледі? Баяғы жартас, бір жартас болып, қуыршақ күлкілі кандидаттармен, клоундармен, батыстың дәстүрін көрген дипломат Тоқаев президент бола ала ма? Әлде шыныменде бойына қан жүгіріп Қазақстанның саяси жүйесіне, билікке балама пікір айтатын күштер келе ме? Бірігу туралы бір мәселе айтайын. Кеше мен ютубқа шығып едім, біраз адамдар бірігудің керегі жоқ, әр-түрлі кандидаттар түссін деп жатыр. Ол да дұрыс, ол да керек, яғни әр-түрлі кандидаттар түсіп, бәлкім өзінің оойын жеткізсін. Бірақ бір-бірін сынамасын, бір-біріне қарсы жұмыс істемесін, бір-біріне айыптамасын, сынайтын болса, биліктің кандидаттарын сынасын, әзірше ойыма келіп отырған осы.

Айдос Сарым: Енді сайлаудың не себепті болып жатқаның бәріміз жақсы түсініп отырмыз. Бұл жерде кем дегенде 4-5 үлкен себеп бар. Геосаясат бар, елдегі және шетелдегі бизнес бар, инвестиция деген мәселе бар, яғни жұртың билікке ғана емес, жалпы осы мемлекетпен қарым-қатынасқа түскен қаржылық ұйымдар үшін сөзсіз белгілі бір айқындылық қажет екені анық. Бұл шетелдің айқындылығы, бұл бизнестің айқындылығы. Есесіне біздің биліктің ұзақ мерзімді түсінігі-пайымы бар ма, деген мәселе бар. Екіншіден, қоғамға осындай айқындылықты бере аламыз ба деген үлкен сұрақ бар. Менім ойымша, жақында Лукашенко айтып қалған екен, сіздер саспаңыздар, парламент сайлауын таза өткіземіз, президент сайлауын дұрыс дәрежеде өткіземіз деген әңгіме, айтып қалыптыда. Мен оны айтып жатқан жоқпын. Мәселе менім ойымша осы сайлау біріншіден әлемде қалай бағаланады? Жақсы болсын, жаман болсын, қоғам өзгеріп жатыр, бұрынғы шүкір дейін қоғам жоқ. Осы сонғы бір-екі жылда болған өзгірістердің өзі, этно-демографиядағы өзгерістер, бәрінің қазақ қоғамның, жалпы Қазақстан қоғамының түбегейлі тұрғыда өзгергенін көрсетеді. Ал сол өзгерістерге бүгінгі саяси жағдай сай ма, деген үлкен мәселе бар. Мына бізде кейбір жағдайда қаны қызу азаматтар айтып қалады, билік әлсіреп бітті, ертен жойылады, үрлесек болды, ұшып кетеді деген әңгімені. Олай емес шынында. Билік әр оқиғадан өзінше бір сабақ алып жатқан сияқты, бірақ бұл уақытша оқиға. Аналардың мәселесі шықты ма, онда қолдауды көбейтейік, Қарағандының мәселесі шықты ма, оны былай етейік, ананы былай етейік деген, ол өрт сөндірумен парапар саясат. Ал ұзақ мерзімде өрт болдырмайтың, қоғамды алдыға жетелейтін, өсіретін қадамдар керек. Міне қазір қоғамда үміт пайда болды.

Енді өткен жылдан бері, көп айтып келе жатырмыз, Қазақстандағы мунай дәуірі аяқталды, жаңа энергияның көзі керек дейді, жаңа энергия көзі ол АЭС емес, ол азаматтардың бойындағы ерік-жігер. Осыны босатса, ауылмен айналасатын адам табылады, азды-көп кәсіппен айналасатын адам да табылады, ойын ережесін тазартса, жемқорлықпен, көлеңкелі экономикамен, басқамен күресетін кәдемгі қоғамның өзінің ықпалды энергиясы пайда болады. Егер кәзіргі билік дәстүрлі сайлау өткізе салса, дәстүрлі сүре жолмен жүре салса, онда 19 наурыз күні пайда болған қоғам ішіндегі үміт оты өшіп қалуы мүмкін. Сол себепті менім ойымша айтатын әңгіме осы сайлау әділ болсын деген сөз. Бірақ 2 айымыз өтеді де шығады, ал одан кейін не істейміз, парламент сайлауы деген әңгіме келе жатыр. Мінеки, кезінде 1990 жылдардың аяғында құрылған бүгінгі саяси партиялық жүйе, қоғамның ішіндегі топтарғада, таптарғада, қоғамның ішіндегі сұрақтарға да, сауалдарға да, динамикасына да сай емес екенін анық көріп отырмыз. Өйткені, естерінізде болар, Қарағандыдағы жағдай болды, басқада жағдайлар болып жатыр Егер олар шын партия болса, неғып үндемей қалды деген мәселе шығады. Егер басқа біреулер әңгімесін айтып жатса, өзінің мәселесін шешіп, өздері белсеніп, қоғамның ішінде жүрген азамат ретінде араласса, ол елдің тыныштығы мәселесі еселене түспей ме деген ой.

Расул Жумалы: Сайлау 2 айдан кейін өтеді, өте қысқа мерзім, бірақ менімше бұл сайлаулардың маңызы, ен алдымен билік үшін, оны ашық, әділ өткізу. Өз мәлімдемесінде Тоқаевтың айтқанындай әрине 100% демократиялық сайлау болады дегенге сену қиын, ондай болуы да неғайбыл. 25-30 жылдық бізде жаңағыдай профанация, формалды түрде өткізілген сайлаулардан кейін әп-сәтте әділ сайлау өте қалмас. Бірақ десе де, менім ойымша осы алдымыздағы сайлаулар басқаша өту керек, жанашыл тұрғыда. Себебі кәзір ен алдымен қоғамның осы саулаға деген аяқасты болған сенімін қатару керек. Қазір сайлауға немесе басқа да демократиялық нормаларға сенім қалған жоқ. Есесіне көріп отырғанымыз ана жерде жағдай жарылады, мына жерде наразылық, ана жерде біреулердің ереулі болады. Билік болса көбіне өрт сөндіруші тактикасы ұстанған. Алдағы сайлау арқылы кішкене болса да осы сенімді қайтару, халықтың, қоғамның көнілінен шығатын қадамдарға бару қажет. Билік дұрыс мәлімдемелер жасайтын болса құба-құп. Тоқаев үш тілдікке қатысты, қазақ мемелекетіне қатысты, Көкжайлау мәселесіне қатысты, яғни бір жағынан мәжбір болып отыр, бірақ халықтың да бұған көңілі толып отыр деп айтуға болады. Кәзір осындай мүмкіндік бар. Себебі 19 наурызда  басталған жылымық тоқталып қалар болса, барлығы баяғы әнінде қалатын болса, өйтіп президент болғанының құны қандай болмақ, жаңағыдай сайқымазақтармен формалды жүрсе. Ал шынайы бәсекелестікке негізделген додадан өтетін болса, ондай президенттің де, ондай тұлғаның да салмағы, абыройы басқаша болады.

Айдос Сарым: Енді мен бір-екі сөз қоса салайын. Негізі мына транзит деп отырмыз ғой. Транзитке кірген елдер бар, бірақ одан шыға алмай да жүрген елдер бар, Қырғызстанды алып қарайық, Украинаны алып қарайық. Украинадағы жағдай мүлдем қызық болып отыр, көріп отырмыз ғой. Саясаткер атауылының барлығының қоғамның ішінде беделі, қадірі қалмаған. Кеше ғана сериал түсіріп, сайқымазақ қылып жүрген адам, бүгін президенттіке басты үміткер болып отыр. Билікке осындай мәселе керек пе? Екінші мәселе де бар. Билік плюрализм, саяси бәсекелестік дегеннен қашпау керек. Оның бірнеше дәлелі бар, жақсы болсын, жаман болсын, 90-жылдардан аман өткеніміз, сол кезіндегі екі жоғарғы кеңестін тентектігі, қоғамның ішінде жүрген, қоғамды аландатқан мәселелер парламентті талқалағаннан кейін, өккіметті қалай жерден алып, жерге салатын. 95 жылғы парламентті алайық, 99 жылғы парламентті алайық, дәл сол. Сол кездегі, мысалы, парламенттін ішінде көп болмаса да, он шақты адамның батыл әңгіме айтуы, өкіметке тосын сұрақ қоя білуі, айналып келген кезде 90 жылдарда азамат соғысын болдырмады, басқада бір қақтығыстарға жол бермеді. Ал енді есесіне одан кейінгі жағдайды алайық.

Бүгінгі билік күрделі жағдайда жұмыс істеуде. Ал енді экономиканың, әлеуметік өмірдің қийындап бара жатқаны анық. Шенділер азды-көпті болып жатқан шаруадан үйреніп жатыр. Мәселен үйге етікпен кірме деп еді, бахилмен кіріп жатыр. Бірақ ұзақ мерзімге қарау керек. 2004 жылы биліктің екіге бөлінген жағдайын көрдік, «Отан» партиясы болды, одан кейін Дариғаның партиясы «Асар» деп тіркелді. Бұл биліктің сайлауда ойсыра ұтылуын алып келді. Енді бүгінгі биліктің бір жағына асығып жатқаны, ешқандай екі билік жоқ, бәріміздің ойымыз бір жерде, басқа деген мәселені айту ғой. Ал екінші жағы да бар. Сол мысалы, 2003-2004 жылдарда жасалған сайлаудағы қияметтер, қиянаттар, айналып келген кезде бүгінгі саяси жүйенің тоқырауна алып келді. Өйткені, айтып отырмын ғой, біздің қоғам қалай да болғандада ол бұрынғы қоғам емес, оның талап тілегі біреу. Егер мысалы үшін осы сайлауды белден басу, ынталанып, тіпті бүгінгі қисық-қыныр сайлау заңың парапар дейтін азаматтардың өзін жібермей жатса, олардың сайлауға түсіп, өзінің пікірін ашық айтуға мүмкіндік бермей жатса, онда біріншіден көңіл қалады. Ондай болса қианатқа апаратын сүре жолға қайтадан түсеміз. Адам ретінде, саясаттанушы ретінде байқап отырғаным, егер бәрі дұрыс болатын болса, мынау сайлау арқылы қоғамның ішіндегі үміт отын жандандырып, ерік беріп, ен бастысы 2001 жылы басталған үлкен саяси дағдарыстың бірте-бірте еңсеріп тарихты жаңа парақтан бастауға мүмкіндік беретін сияқты. Бұл мүмкіндікті қолдан жіберіп алмау керек. Осы сайлаудың бұрынғыдан басты ерекшелігі неде десе, мен айтар едім, кім осы сайлауға түссе де, оның үстінде 99% пайыз дауыс алу керек деген міндеттеме жоқ. Бұл біршама болса да әкімдерге ырық береді. Яғни, ойбай жұрттың бәрін шыбықпен айдап тұрып, сайлау участкісіне кіргізініздер деген әңгіме болмайтын шығар. Бұнын өзі бір жаналық дейікші. Сол қайтадан дұрыс пайыздан бастайықшы, 60 деген пайыз да болады, 55 деген де, 50 деген де болады. Тіпті кейбір елде екінші тур болады біз үйренбеген, көрмеген нәрселер де болып жатады. Шындап келсек оның ешқандай кемшілігі жоқ, қайта бұл биліктін дұрыс істеуіне мотивация.

Менім ойымша, осындай мәселерді айту, кім жеңсе де істеуге қажетті минимум деген болады. Бұл саяси тұтқындарды босату, демократияға жол ашатын, жақсы мүмкіндік беретін заңнаманы өзгерту, сайлау туралы заң, баспасөз туралы заң, теледидар туралы заң, қоғамдық ұйымдармен партияларды құру туралы заң деген сияқты нәрселерге ырық берілетін болса. Конституцияны  бірнеше минут ішінде өзгерткен парламент заңдарды бір айдың ішінде өзгерте алмайды дегенге сенбеймін.Тіпті қажет болатын болса, біздің парламент өзіне жоғары міндеттеме алып, жазғы демалысқа шақпай-ақ қойсын. Бәлкім осындай 5-6 заңды, қоғаммен келісіп, халықаралық ұйымдадың беделін, білігін, басқасын сала отырып. Алтынбек марқұмның жасаған баспасөз туралы заңы дайын тұр. Менімше осындай нәрселерді біріншіден ашық айту, тіпті демократиялық күштер жайлы, Әбеке өзініз айтқандай тақырып, демократиялық күштертердің атынан кім түсcе де, осы мәселені ашып айтса үлкен жеңіс болатын сияқты.

Әміржан Қосанов: Меніңше жаңа екі ай деп дұрыс айттыңыз енді көзді ашып жұмғанша уақыт өтіп кетеді. Мен екі  түрлі жауапкершілікті көріп тұрмын қазір: біріншісі ол қоғамның жауапкершілігі, меніңше қоғам әй осы бізсіз де сайлай салады, «Нұр Отан» кімді ұсынады сол жеңеді, бізден не қайыр, біздің қолымыздан еш нәрсе келмейді деген көңіл күйден, психологиядан бас тарту керек. Яғни, қоғам осы күндері тек қана ана Суданда, Алжирде, Украинада және басқа жақта болып жатқан оқиғалардан ғана қарап емес , жаңағы өзіміз айтып отырған Қазахстанның демократиялық күштерінің өте күрделі, трагедиялы бірақ сонымен бірге алған, бірге кандидат ұсына алған бір партияның ішіне еніп бәрі бір жағадан бас шығарған кезеңдер де болды. Сондықтан қоғамның да жауапкершілігін ойлауымыз керек. Әр азамат өзінің жауапкершілігін ойлау керек.

Сондықтан қоғамның атынан ол сіз боласыз ба, біз боламыз ба, басқа азамат болады ма, бір ортақ бірегей кандидат шығып жатса, соған қолдау жасау керек. «Өсер елдің баласы бірін бірі батыр дейді» деп соның жақсылығын айтып, соны насихаттау қажет. Бізде қоғамда сондай бойкүйездікті о бастан тәрбиелеп қойған. Эфирді қарасаңыз телеарналарда тек қана ойын-сауық хабарлар, әзіл қалжың, алайда сараптамалық саяси ой салатын, талқылау ток-шоулары жоқ.

Айдос Сарым: Әбеке сөзіңіз аузыңызда, бір ғана мысал келтірейін, бүгін енді екі шенеуліктің бірі қорқып жатқан мәселе халықтың немғұрайлылығы, халықтың апатиясы деген мәселе. Немесе жаңағы жатып ішерлік, бойкүйездік дейміз ғой, инфантильность дейміз, сонымен қалай күресеміз деген сияқты сұрақты қояды. Жұртқа ақша бергенде ол бойкүйездікке, жатып ішерлікке апармасын дегенді мен қайта-қайта айтам. Менің ойымша содан арылудың жолы шынайы талқы, ашық талқы. Егер мінеки «Хабардан» болсын, «Қазахстаннан» болсын үлкен мәселелер шынайы талқыланып жатса, халық енді құдайға шүкір ақылды, парасатты билік өзі айтып жатыр ғой, онда сондай ақылды, парасатты халық болатын болса, оған неге сенім артпасқа?

Әміржан Қосанов: Екінші жауапкершілік Тоқаевта, қалай ма ол қаламай ма, бұл сайлау оның атымен байланыстырылады. Бұл сайлау әділ өтсе Тоқаевты мақтайды, әділетсіз өтсе онда Тоқаевты жамандайды, даттайды. Ел басы қазір өзінің институты бар, ол кеше жиындар өткізіп жатыр, ол жалпы стратегияға жауап беремін, ал нақты оперативті қызметке жауап беремін деп айтып жатқан жоқ. Сондықтан меніңше қазір Тоқаевтың өзінің ішкі модернизациясы, өзінің ішкі өзгерісі, бұл иә бұғанға дейін бұл режимнің солдаты, барған жерге барды, сыртқы саясатын жүргізді, ашық саясатқа араласпады. Бірақ қазір жағдай өзгерді.

Айдос Сарым: Бұрынғы әлгі елбасының арқасында деп екінің бірі қайтарады.

Әміржан Қосанов: Иә, жиырмасыншы наурыздан кейін жаңағы айтып отырған позитивті қадамдарға қатысты қолдау да, сонымен бірге әсіресе осы екі айдың ішінде білінетін нағыз саяси күрестің кез келген биліктің саяси портретін, саяси болмысын, ішкі құрылысын ашатын науқанда Тоқаевтың да ішкі құрылысы, ішкі дүниесі белгілі болады. Ол бір қадам болса да демократиялық стандарттарға бастай ала ма елді? Ол өзінің ертең сайлау алдындағы бағдарламасында халыққа жағымды, алға жетелейтін керек болса билік пен оның сыншыларын біріктіре алатын идеялар ұсынады ма? Әлде тек қана сол шенеуліктердің, олигархтардың президенті болады ма? Мен ойлаймын Тоқаев та қазір біраз жасқа келді, ол да тарихта қалғысы келеді. Ол да тарихта «Нұрсұлтан Әбішұлының жанында біреу болып еді ғой» деген атқа ие болғысы келмейді. Ол да біреудің баласы, ол да қазақтың ұлы, тарихта сондай прогрессивті рөлмен қалғысы келе ма, және де оған қарсы күштер мүмкіндік бере ала ма? Мен бір нәрсе айтайын, кеше елбасы екі жиналыс өткізді, теледидардан қарасаң, төрде елбасы отыр да, біздің президент Қазахстан республикасының президентінің басшысы, президент көптің бірі болып, соның қасында отырып соның тапсырмасын тыңдап жатыр. Біз осыен президент институтын төмендетіп жібермейміз ба. Осымен біз еліміздің президенті, мәселе тек қана Тоқаевта емес, басқа біреу болуы мүмкін, сайланған, әділ сайланған еліміздің президенті деп, ертең арқа сүйейтін, халық үміт артатын, ұлт болып соған талап қоятын, ұлт болып соған өтініш жасайтын тұлғадан арылып қалмаймыз ба?

Расул Жумалы: Конституцияның кепілі!

Айдос Сарым: Бас қолбасшы!

Әміржан Қосанов: Меніңше осы жауапкершілік мүддесінен Тоқаев шығып жатса, онда ол жалпы ұлттық деңгейдегі қайраткер болады, ал жоқ жаңағы Айдос айтқандай ескі сценарий, ескі әдістерді салып жаңағы лайықты кандидатурадан қашқақтайтын болса, онда ол өкінішке орай сол сайлаудағы барлық жауапкершілік соның мойнына артылады.

Расул Жумалы: Енді қазіргі билік президент Қасым-Жомарт Тоқаев түбінде қандай шешім қабылдайды, оның ішінде сайлауларға қатысты шын мәнісінде, әділ өткізуге тырыса ма, әлде баяғы сарымен өткізіп жібере ма? Әрине бір жағынан сол биліктегі топтардың жауапкершілігі, бірақ белгілі бір дәрежеде қоғамның өзінің ықпалы. Халық қазір өзгерді, заман өзгеріп бара жатыр аймақтағы жағдай өте күрделі. Біздің мынау Қытай, Ресей сияқты елдермен байланыстарымыз оңай жағдайда емес, ішкі наразылық күшейіп бара жатыр. Ол наразылықты ертең андай, мындай болып қалатын болса қай жаққа бұрылып кетеді, түрлі радикалдық қозғалыстар бар, түрлі жаңағыдай қазір саяси жүйемен еш бір ымыраға келмейтін күштер де, топтар да, ойыншылар да бар. Сондықтан осындай алма ғайып жағдайда, мемлекеттің дамуын бір өркениетті бағытқа түсіру, соның бірден бір жолы осы сайлаулар. Бұл тұрғыда қазір қоғамының өзі бір белсенділік танытатын болса, жігер, табандылық, ұйымшылдық, әр бір үкіметтерге тиісе бермей, тырнақ астынан кір іздемей «анау ананың адамы, мынау биліктің адамы» деген нәрселерден аулақ болуымыз керек.

Рас он тоғызыншы наурызда бір жақсы қадам жасалды, кезектен тыс сайлау болады деп жариялағанда меніңше екінші қисынды қадам жасалынды. Екі мың жиырмасыншы жылға дейін күтіп отырмай, қазір халықтың сенімін байқайық, көрейік, сонымен санасайық дегендей. Бұл белгілі бір топтардың өздерінің ықтияры болып мүмкін, бірақ екінші жағынан қоғамның өзі осындай істерге мәжбүрледі ғо». Еліміздегі өзгеріп келе жатқан жағдай, себебі осы жаңалықтарды, осы өзгерістерді баяғы ескі тетіктермен шешуге болмайды, олар қазір жұмыс істемей қалды. Баяғы сол өйтіп бүйтіп өткізіп жіберетін сайлауларға сенімі өз алдына, ертең оның құны, қоғамның билікке деген көз қарасы қандай болады?

Сондықтан көп нәрсе осы сайлауларға байланысты, бұл жерде меніңше жекелеген бір олигархтардың, саясаткерлердің, оппозициянерлердің ғана таңдауы, солардың қатынасуымен ғана шектелмеу керек. Қоғамның өзі атсалысатын болса, белсенділігін танытатын болса, әлеуметтік желілерде пікірін білдіретін болса. «Көп түкірсе көл болады» дейді ғой, меніңше бұдан көп нәрселерді жасауға болады. Себебі қол қусырып «әй әйтеуір еш нәрсе шықпайды, әйтеуір алдап кетеді, әйтеуір білгендерін жасайды» деп отыратын болсақ, әрине онда «тастың астына су кірмейді». Ондай қоғам өзгермейді, алып келгенде бұған жауапкершілік кімнен жаңағы бірен саран саясаткерлерден ба сол жаққа бұрып кеткен, әлде әлжуаздық болған, белсенсіз отырған, көз жұмып отырған қоғамның жауапкершілігі ма? Қоғамның да жауапкершілігі бар.

Әміржан Қосанов: Және де меніңше отандастардың санасына бір нәрсені сіңдіруіміз керек, жаңағы тағы да қайталап айтайын екі ай өтіп кетеді, өмір тоғызыншы маусыммен бітпейді. Бәлкім транзит шын мәнімен өзінің сапалы деңгейіне тоғызыншы маусымда жетеді, яғни транзит әлі біткен жоқ. Транзитті біз қалай өткіземіз, яғни сол легитимді болған президент, сол президенттің келесі қадамдары қалай болады, және осы сайлауға түсіп, өзін саяси легитимизация жасаған, заңдастырылған, елдің алдына шығып, өзінің бағдарламасын белгілі бір деңгейде, он пайыз болсын, жиырма, отыз пайыз болсын қолдауына иеленген күштеріне не істейді, осы маңызды. Тоғызыншы маусымда есігін жауып кеңселерінен далаға кете ма, әлде одан сайын болашақ парламенттік мемлекетке келеміз деп стратегиялық бір жоба. Соған біз дайындықты жасаймыз ба? Меніңше сайлаудан арғы жағында жатқан үлкен маңызы осы.

Айдос Сарым: Әбеке, сіздің жаңағы тарих деген әңгімеңіз менің құлағыма жағып отыр. Енді өзім де тарихшымын, осы тарихи категориямен сөлеп көрейін. Президент Назарбаев неге билікті тастады, өкілеттілігін неге тоқтатты деген үлкен сұрақ бар. Менің жеке басымның жауабым - президент Назарбаев өзінің тарихтағы орны туралы қатты ойланып толғанды, қалай болады, қалай кіремін деген тарихқа айналып келген кезде оысндай шешімді қабылдауға мәжбүрледі. Енді шынын айту керек қой мінеки қазір кетпесең болмайды дегендей, көше болған жоқ, алаң болған жоқ, басқа да болған жоқ, иә, көптеген факторлардың жиынтығы дейік ше. Бірақ бір адам кем дегенде өзінің тарих алдындағы жауапкершілігін, өзінің сол тарихтағы орнын ойлады дейік, бірақ осы кезге дейінгі жүйе сол бір адамға ғана шектелген, бір адамға ғана негізделген, төңкерілген пирамида деп айтып келдік. Енді мен білсем жаңағы сіз сұрақ қойып отырсыз ғой, елбасы институты дегеніміз не деген, мен білсем ол тек қана бір адамға ғана жасалған дүние. Ол адамның мәңгілігі қаншаға созылатынын дөп басып ешкім айта алмайды. Бірақ бәрә бәр президенттік билік керек, президенттік инситут қажет, оның күшін, оның пәрменін түсіретін менің ойымша қажеті жоқ. Енді екінші мәселе бар жаңағы сіз айтқан Тоқаевтың тарихи жауапкершілігі деген мәселе бар, ол бір ғана адамның жауапкершілігі деп есептемейік. Менің ойымша Қазахстанда кем дегенде он сегіз жарым миллион адам бар, оның он екі миллиондайы ма қаншасы, он екі миллионға жуығы сайлаушы. Меніңше ең дұрысы он екі миллион адамның тарихи жауапкершілігі деген мәселе «Біз кімбіз, біз өз еліміздің иесіміз ба, жоқ па, біз бірдеңені өзгерте аламыз ба, жоқ па» деген мәселе. Мен айтар едім мына сайлаудағы ең үлкен қателік егер жаңағы, ескі, дәстүрлі жолға түсіп кетіп, қисық қыңыр, әлем мойындамаған, ең бастысы Қазахстан жұртшылығы мойындамаған сайлау өтетін болса, ең қауіптісі сепоратизмнан да, терроризнан да, экстремизмнан да қауіпті нәрсе мен айтар едім ол аппатия. Халықтың бәріне бірден мемлекетке, елге, тарихқа, азаматтығына немқұрайлы қарап бір қол сілтеуі, ең қауіпті нәрсе болар еді. Бұнда енді елдің болашағы күңгірт екені анық! Егер оысын ескеретін болсақ, онда жаңағы өздеріңіз айтқандай әр адамның жауапкершілігі деген мәселені ойлауымыз керек, екіншіден біздің саяси азаматтық белсенділігіміз қалай орындалуы керек жаңағы тоғызыншы маусымнан кейінгі өмір не болмақ.

Айдос Сарым: Не істеуіміз керек, не істемек керек, бізге қандай идеология керек, бізге қандай партиялар керек деген мәселені қазір ашықтан ашық айтып, талқыны жақсылап ұйымдастыру керек. Егер шын демократиялық күштердің өкілдері түсіп жатса, оларды қолдап, мейлі біздерге ұнасын, ұнамасын, басқа дегендей. Ең қиыны, ең күрделісі бұл сайлаудың тіркелген кандидаттардың ішінен тек Қасым Жомарт Тоқаевтың өзі болатын болса бұл да жақсылық болмайды. Сондықтан жаңағыдай дұрыс мәселелерге бағыттап, ол шын мәніндегі қоғамның аз да болса, жақсы да болса, мына сайлауда бір өзгеріс бар екен, мына сайлау бұрынғыдан өзгешелеу екен деп Шәкәрімше айтсақ, сондай бір нәрселерді қамтамасыз ету, бүгінгі биліктің, бүгінгі саяси технологтардың, бүгінгі стратегиялық жоспарлаумен айналысатын азаматтардың да тарихи жауапкершілігі, жаңағы бәрі да тарихта қалады. Бұны жасыратын, тығатын ештеңе жоқ, бәрі көз алдымызда, иә, бәрін жақсы білеміз, жақсы түсініп отырмыз, көріп отырмыз. Сондықтан менің ойымша жақсы бір дәрежедегі жауапкершілік, жақсы дәрежедегі бір пафоспен бармасақ тағы болмайды. Өйткені, егер жаңағы енді бас әңгімеміз алдағы он жылымыз, арттағы отыз жылымыздан қиын болмақ. Экономиканың табиғатын өзгерту керек, қоғамның жауапкершілігін өзгерту керек, қоғамның энергиясын жаңағы даму бағытына бұруымыз керек деген әңгіменің бәрі шын болатын болса, а ол шын. Тоғызыншы маусымда сайлау қалай бітеді, қалай аяқталады дегенге тірелмейді, бәрібір сол әлеуметтік мәселе қалады, бәрібір сол экономиканың мәселесі қалады, мұнайлы петро экономиканың мәселесі қалады, қоғамның ішіндегі көптеген мәселе қалады. Егер жаңағыдай үмітті энергияға айналдыратын сайлау болса, онда бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік аламыз.

Әміржан Қосанов: Мен мына сайлаудан, қысқаша айтайын, бір нәрсе күтемін енді бәрін айтып жатырмыз. Осы сайлаудан егер де осы ек айдың ішінде заңды, құқықты, демократиялық күштер, аппозиция дедік, билікке балама күштер, тағы не дейік сын айтушылар дейік соның институты қайта жаңғырып, билік соны ресми түрде сайлаудың қатысушы, бір тарапы ретінде мойындап және олардың айтып жүрген балама пікірлерінің ішіндегі ең құндылары, ең орындылары, мемлекеттік, ұлттық, ұлтшылдық деңгейдегі идеялары ертең мемлекеттің бағдарламаларына кіріп жатса бұл сайлау ең бір қазаққа бір пайдалы сайлау болады деп ойлаймын және де ол тоғызыншы маусымнан кейінгі өмірімізде мына тек қана жауапкершілік деген әңгімені бастадық қой, мына қоғам дедік, Тоқаев дедік, билік дедік, қоғам мен биліктің біріккен жауапкершілігіне алып келсе, бірлескен жауапекршілік, қоғамда білу керек билік бар, қалайсың ба, сынайсың ба, сен оны ұрсасың ба ол билік, ол осы мемлекеттің саясатын жүргізеді. Соымен бірге билік те ойласа қоғам бар, біз қоғамнан тыс өмір сүре алмаймыз, қоғамының ішінде әр түрлі пікір, алуан түрлі пікір бар, соның ішіндегі ең құндысын, ең өзектісін біз өзімізге пайдаланайық деп өзіне дұшпан емес, көмекші ретінде пайдаланса меніңше осы сайлаудың ең үлкен қазақтың дамуына, қоғамның дамуына қосқан бір үлесі болады.

Расул Жумалы: Кез келген мемлекеттің саясатында сол саясаты неғұрлым құйтырқы болуы үшін, опасыз болуы үшін, сорақы болуы үшін ең қолайлы жағдай қоғам үнсіз отырғаны, қоғамның немғұрайлы болуы. Қоғамның бұл мәселеге бей жәй қарауы, ең қолайлысы осы. Нәтижесінде айналып келгенде сол қоғамның өзі ылғи алдана береді, ылғи аузы күйеді, ылғи бір қиындықтарға ұшырайды, түбінде бұл жақсылыққа апармайды, иә. Енді біздің мынау егемендік тарихымызда, осындай бір немқұрайлықтың нәтижесінде, әлжуаздықтың нәтижесінде, халқымыз да, қоғамымыз да талай рет аузы күйді, талай рет алданды. Қазір осы соңғы апталардың, соңғы айлардың, жылымығынан кейін, алданбаудың меніңше бір мүмкіндігі туындап отыр президенттік сайлаулар деп аталатын, қайта алданып қалмайық деген мәселе бұл адамдардың бірен саран саясаткерлердің, белсенділердің шаруасы болмауы керек, азаматтардың өздері мен осы елдің азаматымын, мен өз жауапкершілігімді сезінемін деген тұрғыда ат салысатын болса меніңше ең маңызды мәселе сол, одан тоғызыншы маусымнан кейін өмір қалай болады, бұны жекелеген бір адамдар шешпейді. Бұны біз жаңағыдай сөздерден кетуіміз керек «әділ сайлаулар болмайды, ешнәрсе өзгермейді, мыналар неге шықпайды, сендер неге ұйымдастырмайсыңдар, ал мен не істедім, біздер не ісьедік, мен кішігірім бір нәрсені өзім бітірдім ба» басқаларды сырттан отырып қаралай бергенше ағысынан кір іздей бергенше, жаңағыдай балағаттай бергенше, иә. Осындай сұрақтарды ең алдымен біз өзімізге қоюымыз керек! Жаңағы Сұлтанмахмұттың «мен болмасам, кім болады» дегендей, иә, сайлау әділ болуы үшін мен өзім не істедім, не бітірдім, сұрау өзімнен дегендей, ертең ұрпақтарым сұраса «сол 2019 жылы аға, әпке сіз не істедіңіз» дегендей сұрақтарға айтып қалатын бір нәрсе болуы керек қой. Сондықтан меніңше біздің ортақ жауапкерщілігіміз де, ұлттық бір ар ождарымыз да осыған байланысты деп білеміз.

Сондықтан келе жатқан сайлауға ат салысайық, мүмкіндігінше белсенділік танытуға тырысайық, бұл айналып келгенде біздің тағдырымыз. Біз болсақ осы кезеңімізде осы Эксклюзив сайтын пайдалана отырып, бәлкім қосымша бір бағдарламаларды ұсынатын шығармыз осы екі айдың ішінде. Оның ішінде мына сайлау алды үрдістеріне қатысты, сайлауға бақылауды  қалай өткізуге болады, қалай ұйымдасып тексеруге болады, қайта алданбаудың тәсілдері, соған қатысты  қоғамдық лекциялар ұйымдастыратын шығармыз. Әзірше осымен тәмәмдағымыз келіп отыр, әдеттегідей кез келген сұрақтарыңыз болса, ұсыныстарыңыз болса, оларды ескеруге мүмкіндігімізше жауап беруге тырысамыз. Сіздермен бірге болған Әміржан Қосанов, Айдос Сарым және мен Расул Жумалы. Сау-саламатта болыңыздар!  

 

Оставить комментарий

Жаңа Қазақстан

Страницы:1