суббота, 23 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Ауыл үшін бөлінген ақшалар ауаға ұшып жатыр ма?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды  Excluzive.kz  primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру ауыл халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететінін айтқан Ерғалиев ауылдық аумақтарды дамытуға қанша қаражат жұмсалғанын жеткізді.

– Қазіргі таңда өңірлерде 400-ден астам жоба аяқталды, қалған жобалар жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Жалпы 2019-2021 жылдары мемлекеттік бағдарламалар бойынша және жеке инвестициялар есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бағытталды. Келесі 4 жыл ішінде 1,3 трлн теңге бөлінеді,оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде – 670 млрд теңге, — деді ұлттық экономика министрі.

Ауылды дамыту мақсатымен соңғы 20 жылда ел қазынасынан қыруар қаржы бөлінуде. Тіпті, әр жыл сайын «ауылды көркейтеміз» деген ұрандармен миллиардтаған ақша ауылға қарай «ағуда». Алайда бұл «аққан ақшаның» діттеген жеріне жеткендері некен-саяқ. Бұл сөзімізге қазіргі ауылдарымыздың аянышты халі дәлел. Сөзімізді нақтылау үшін өзіміз көзбен көрген бір ғана ауылды мысалға алып қарайықшы. Ең жақын уақытта ғана табанымыз тиген Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында бүгінге дейін жұрт үйін көмірмен жылытып отыр. Оңтүстікте «көмір дәуірі» басқа өңірлерге қарағанда, әлдеқашан біткенін ескерсек, бұл Құтарыс ауылы мемлекеттің назарынан тыс қалғандай. Сонымен қатар осы ауылда күні бүгінге дейін қоқыс тазалығы жұмыстары жүйелі түрде жұмыс істемей келеді. Ауылға кіргеннен көзге қораш көрінетін көріністің бірі – шашылған қоқыстар. Бір аптада жиналған қоқысын алып кетеді деп дайындап, көшеге шығарып қойған ауыл тұрғындары қоқыс жинау көлігін күтіп, көздері талып жүр. Қоқыс жинау көлігі кейде келеді, кейде келмейді. Көлік келмеген уақытта ауыл іші шашылған қоқысқа толады. Шымкент қаласының іргесіндегі Құтарыс ауылында осындай ұсақ-түйек мәселелер шешілмей отырғанда, шалғайда жатқан ауылдарда инфрақұрылым жүйелері реттелді деп қалай айта аламыз? Бұл бір ғана мысал. Дәл осыған ұқсас жағдайды еліміздегі кез-келген ауылынан табу қиын емес. 

Миллиардтаған теңге ауылды көркейтуге бөлінуде. Өкінішке қарай, сапалы жол, таза ауызсу, мектеп, аурухана, интернет желісі деген проблемалар Қазақстан ауылдарында әлі де толып жатыр. Триллиондап теңге бөлсе де, ауыл халқы өркениетке қол жеткізе алмауының себебі неде? Бөлінген ақшаның талан-таражға түсуінен бе, әлде басқа себебі бар ма? Бұл сұрақтарға ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев не дер екен?

Меруерт ХУСАИНОВА.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33