Аида Балаева: «Ұлттық рухани жаңғыруға» 119 миллиард теңге жұмсалады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлтық рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға 119 миллиард теңге жұмсалатынын айтты.
– Жобаның бюджеті – 119 миллиард теңгені құрайды. 2025 жылға дейін жүзеге асады. Идеология – бұл ілгерілеуі мемлекеттің міндетіне кіретін белгілі бір сала. Шын мәнінде, бұл адамдардың санасына салынған инвестиция, оның қайтарымы қоғамның барлық дерлік саласында көрініс табады: экономика, әлеуметтік сала, мәдениет, білім беру және т.б. Әр теңгені мамандар егжей-тегжейлі есептеді, әр жоба мұқият қаржылық сараптамадан өтті. Оның үстіне бұл жобаларды іске асыру барысы үнемі бақылауда болады, – деді Балаева ОКҚ брифингінде.
События дня
В списке оказанных психиатрических услуг на Т20 млдр не оказалось Нур-Султана и Туркестанской области