воскресенье, 03 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Маңғыстау жедел жәрдем қызметкерлері видеоүндеу жолдады

10 қарашада Ақтау қаласында жедел жәрдем станция фельдшерлері мен жүргізушілері жалақыны өсіруді талап етіп, әлеуеметтік желі арқылы Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Азаттық.

- Бұл біздің басшы Айларбек Шыршықбаев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеуіміз. Біз осыған дейін бірнеше рет бастығымыздан жалақыны көтеруді, бригада санын толықтыруды, бригададағы фельдшерлер санын толықтыруды қозғадық. Күнде ертең деумен, уәдемен тойдырып келеді. Бізге әкімдіктен, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келеді, бірақ талаптар орындалмай отыр.

Газ, жарық, су тәрізді коммуналдық төлемдер күннен-күнге қымбаттап барады. Біз ипотека төлеп, отбасымызды асырап жүрміз. Бірақ 100 мың теңгемен қалай өмір сүреміз? Осы мәселе ай сайын Ақтауда, Жаңөзенде, Бейнеуде көтеріледі, бірақ орындалмайды. Сондықтан үш-төрт күн уақыт береміз, болмаса жұмысты толық тоқтатуға мәжбүрміз, - дейді видеода сөйлеген жедел жәрдем қызметкерлерінің бірі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлмира Әбішева жедел жәрдем жүргізушілері наразылығына журналистер аса көп қызығушылық танытпаған соң әзірге ресми хабарлама дайындамағандарын, бірақ мәлімдемені денсаулық сақтау басқармасы жасауы қажеттігін айтты.

Биыл 14 шілдеде Жаңаөзен қаласындағы 45 жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері жұмысты ішінара тоқтатып, жалақыны өсіруді талап еткен еді. Олар жалақы мәселесінің 2016 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын, кейінгі екі жылда жалақы екі рет 12 мың теңгеге ғана көтерілгенін, басқа өзгеріс болмағанын айтқан болатын.

 

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33