Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді
10 қараша күні Алматы әуежайына Qatar Airways авиакомпаниясының ұшағы Pfizer вакцинасын жеткізді. Бұл Қазақстанға жеткен Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
- Бүгін 379 мың доза келді, ертең ел өңірлері бойынша бөлу басталады. Қазақстан барлығы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, оның 2 миллион 115 мың дозасы жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерін болдырмау үшін арнайы мұздатқыш камералар сатып алынды, онда вакцина минус 90 градус температурада сақталады", - деді "СК Фармация" баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Смайылова.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балаларға екпе салу жоспарлануда. Алайда, бұл ерікті түрде болады. Балаларға мектептерде тек ата-аналарының келісімімен екпе салатын болады.