суббота, 23 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Арон Атабектің қызы әкесінің жағдайы туралы айтты

Ақын, диссидент Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан Алматыдағы жеке клиниканың палатасында әкесімен бірнеше минут жүздесу мүмкіндігін бергенін айтты. Бұл жолы ешкім өзінен «Арон Атабектің қызысың ба, жоқ па?» деп сұрамағанын жеткізді.

Бұл туралы еxclusive.kz хабарлайды.

Айдана Айдарханның айтуынша, әкесі ауруханаға түскеннен кейін оны көру қиындаған. Арон Атабектің қызына әкесінің сауыққаны туралы журналист Қанат Тілеухан хабарлаған. Қанат Тілеуханға бұл жағдай туралы Мұхтар Тайжан айтса, ол мұны депутат Ирина Смирновадан естіген. Ал Мұхтар Тайжан Қанат Тілеуханға «Аронды үйге алып кетуге болатынын» хабарлауды тапсырған екен.

Әкесін қолдаушылар қатары көбейгенін айтқан қызы Айдана клиникаға барғанын жазды. Айтуынша, әкесінің жағдайы нашар. Оны клиникадағы дәрігерлер ешқандай құжат сұрамастан жіберген.

Әкем кереуетте сұлық жатыр екен. Тамағына, ерлердің жұтқыншағы тұратын жерге, әлдебір түтік тығып қойған. Сол арқылы демалады, сол арқылы, демек, сұйық тамақ ішкізеді. Таза, жарық палата, батыс киноларындағыдай заманауи жабдықтар. Тек әкемнің терімен қапталған жартылай тірі қаңқасы мен бурыл сақал-мұрт қылтанды бейнесі жүрегіме аяздай тиді. Әкем мені жылдам таныды. Жартылай сұсты, жартылай куақы көздері жарқ ете қалды. Содан өзімнің бұрынғы әкемді таныдым. 2006 жылдың ыстық шілдесінде керек болар деп алып кеткен заттарымен біздің лашығымыздан «Шаңырақ ісі» бойынша тергеуге кетіп, қайтып оралмаған әкемді. Содан, міне, 15 жыл өтіпті, - деп жазды Айдана Айдархан Facebook-те.

Айдана Айдархан Арон Атабектің коронавирус дертінен жазылғанын да айтты. Бұл туралы дәрігерлер хабарлаған. Бірақ басқа да өткір сырқаттар бойынша күрделі процедуралар күтіп тұр.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33