Ұлттық банк қазан айындағы инфляция туралы айтты
2021 жылдың қазан айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірме жасады.
Бұл туралы exclusive.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- 2021 жылдың қазан айында инфляциялық күтулердің сандық бағасы айтарлықтай өсті және 10,3% (қыркүйекте – 9%) құрады. Респонденттердің ең көп үлесі келесі 12 айда баға тез өседі деп күтеді – 33% (қыркүйекте – 26%), бұл халық арасында жүргізілген сауалнамалар тарихындағы ең жоғары мәнге айналды, - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Инфляцияны қабылдау жоғары деңгейде сақталады. Қазан айында халық азық-түлік өнімдеріне, атап айтқанда, ет пен құс етіне, нан-тоқаш өнімдеріне, өсімдік майына, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдеріне бағаның айтарлықтай өскенін атап өтті. ЖЖМ, ТКШ қызметтері, сондай-ақ киім мен аяқ киімнің де қымбаттағаны байқалды.
Қазан айында тұтынушылық көңіл-күй өзгерген жоқ, елдің даму перспективаларын бағалау біршама жақсара түсті. Қазіргі және алдағы қаржылық жағдайды бағалау кезінде нашарлай түскені де байқалды. Осыған байланысты респонденттер азық-түлік сатып алуға келгенде үнемдеуге көшкен. Олардың басым көпшілігі (35%) ірі тауарларды сатып алу үшін қазіргі уақытты қолайсыз көреді, қазан айында бұл үлес аздап өсті.