Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс болды
Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдай қайтадан ушықты.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Екі жақ та шекара аумағына қосымша ауыр зеңбіректер мен басқа әскери техникалар әкелген.
Екі ел де бірін-бірі «Шабуылды бірінші бастады» деп айыптап отыр. Бұл туралы «Ассоушейтид Пресс» агенттігінде мәлім болды.
Хабар 24 арнасының мәліметінше, армян тарапынан бір сарбаз көз жұмып, бірнешеуі жараланған. Тағы 12 -сі тұтқынға түсіпті. Әзербайжан да жараланған сарбаздар барын мәлімдеген. Жанжалға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізген Армения премьер-министрі Никол Пашинян жиынды үнсіз еске алумен бастады.
– Әзербайжан мен оның жақтастары басқыншылық әрекеттерін жалғастыруда. Беретін бағам біреу: Әзербайжан мен оның жақтастары біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігімізге қол сұқты, - деді Никол Пашинян.