Қазақстанда Ресей инвесторларының қолдауымен ірі химиялық зауыт салынады
Қазақстанда 2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі зауыт пайда болады. Құрылыс туралы келісім мәжілісте ратификацияланған, жоба Ресей инвесторларының қолдауымен жүзеге асады.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов түсіндіргендей, құжат Жамбыл облысында кешенді іске қосу үшін қажетті нормативтік-құқықтық жағдай жасауды көздейді.
- Жобаны ресейлік «ЕуроХим» компаниясы екі кезеңде жүзеге асырады. Оның бірінші кезеңі аяқталды. Атап айтқанда, тау-кен кешені пайдалануға берілді, оның негізінде жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіруге қол жеткізілді. Қуаттылығы жылына 640 мың тонна болатын орташа ұсақтау қондырғысы құрылды. Инвестиция көлемі 126 млн долларды құрады. Қазіргі таңда 550 жаңа жұмыс орны ашылды, - деді ол.
Атамқұловтың айтуынша, қазіргі уақытта «ЕуроХим» компаниялар тобы екінші кезеңді кеңейтілген қаржыландыру аясында 138,7 миллион доллар инвестиция жасады.
Бұл сомаға жобалық-іздестіру жұмыстары – 94,2 млн доллар, құрылыс-монтаждау – 2,5 млн доллар және бас жобалау (басқа) шығындар – 42 млн доллар кірді. Екінші кезеңнің нақты құны жобалық жұмыстар аяқталғаннан кейін нақтыланады.
Жобаны жүзеге асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: 1 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға, құрылыс кезінде 2 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға және құрылыс кезеңінде кемінде 1,2 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Фото: Көрнекі сурет