Кузбасс шахтасынан тағы 13 адамның мәйіті табылды
Кузбасстағы Листвяжная шахтасында тағы 13 адамның мәйіті табылды. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, екі шақырымға жуық жер зерттелген.
- Төтенше жағдай орнында тәулік ішінде 83 тау-кен құтқарушысы жұмыс істеген. 1,7 шақырымнан астам жұмыс орындары зерттелді . Қаза тапқан 13 адамның мәйіті табылды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Еске салайық, 25 қарашада Кемерово облысындағы Листвяжная шахтасында метан жарылысынан 52 адам зардап шеккені белгілі болды.
Оның ішінде алты құтқарушы қаза тапқан еді. Бүгін белгілі болғандай, қаза тапқандар саны 19 адамға жетіп отыр.
События дня
Касым-Жомарт Токаев: IPO регионального лидера в сфере финтеха Kaspi.kz позволило повысить динамичность рынка капиталов