воскресенье, 10 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қажылыққа баруға шектеу қою керек!

Қазіргі таңда еліміздің тұтастығы мен тыныштығына қауіп төндіріп отырған сəлəфи-уахабилік бағыттағы саяси-діни идеология екені ешкімге жасырын емес.

Саудтық монархиялық -династиялық-теократиялық мемлекетінің басты діни идеологиясы болып саналатын сəлəфия ағымының заңды-құқықтық -ресми статусқа ие екені де баршаға мəлім.

Омейяд халифаты негізі қалаған,атап айтқанда 15-ші ғасырдан бері атадан балаға мирас болып келе жатқан монархиялық-династиялық араб-парсы билігінің «қандай патша болса да тыңдаңдар, бойұсыныңдар, тіпті егер сендердің үстеріңнен басы мейіздей болған хабашилік құл билік жасаса да» (сахих Бұхари) деген құлдық санаға шақыратын,яғни авторитарлық жүйеге көзсіз бағыну мен табынуды бұйыратын Сауд мемлекеті сəлəфилік діни доктринасын əлемге қалай насихаттайды?Оның бірнеше бағыттары бар,соның ішінде ең маңызды- приоритеттісі қажылық.

Біріншіден хадж-туризм,ол экономикалық аспект,екіншіден миссионерлік бағыт.
Саудияда оқып жатқан əр елдің студенттеріне қажылық уақытында (Медина,Мекке,Эр-Рияд т.б) оқу орындары басшылығынан тікелей тапсырма беріледі,келген қажылармен тіл табысып тегін гид болу,қонақжайлық танытып əдемі түрде үгіт-насихат жүргізу,т.б.
Шынтуайтында қажылыққа жəй адам бармайтыны белгілі,өте мол қаражаты барлар (шенеуніктер, шоу-бизнес жəне зиялы қауым өкілдері,кәсіпкерлер,
ұлттық компанияда жұмыс жасайтындар,т.б ғана барады.

Прозелетизм,яғни миссионерлік үшін Сауд мемлекеті жыл сайын арнайы тегін- сыйлық квота бөледі және əр мемлекеттегі діни-саяси ахуалға мониторинг жасап отырады.
Ең қызығы қажылықтағы екі жұмадай уақыттың ішінде ел бастаған ағаларымыз мен апа-əжелеріміз сәләфилік діни насихаттан қалай ой-санасының өзгергенін байқамай қалады.
Елге оралғаннан кейін ата-бабамыз адасыпты,шірік пен бидғатпен (діни жаңалық) өмір сүріппіз,әбден жаңылысып-қателесіппіз, ең таза дін Саудияда екен деп ағынан жарылады.

Солай өздері қалайша сəлəфилік идеологияның құрбаны əрі сойылын соғатын насихатшысы болғанын білмей қалады.

Сондықтан да қажылыққа барам деп ниет қылғандарды жас-кəрі демей алдын -ала оқытып-түсіндірме жұмыстарын жүргізу немесе қажылықты шектеу керек.(мысалы Сирия,Ауғанстан сияқты тұрақсыз мемлекеттерге баруға тиым салғаны сияқты).

Сол үшін жаһандану дəуірінде сəлəфилік Һәм деструктивті ағымдарға төтеп беретін тек зайырлық принциптерге негізделген ашық қоғам мен либералдық демократия жүйесі деп есептеймін.

P.S:
Бұл жазбаға түрткі болған ҚМДБ,яғни ресми мүфтияттың өңірлердегі имамдарға берілген бұйрық түріндегі мына нұсқауы.

Нарықтағы бәсекеден қорқып,хадж туризмді жекешелендіріп алған мүфтияттың аталмыш бұйрығымен танысыңыздар)))

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33