Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті
Денсаулық сақтау экс-министрі, біраз уақыттан бері үйқамақта отырған Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Оның қорғаушысы Дмитрий Куряченко ақпаратпен бөлісті.
– Қылмыстық істер жөніндегі кодекс нормаларына сай судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен бас сот талқылауын тағайындау немесе алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды, – деді Дмитрий Куряченко.
Айта кетейік, Елжан Біртановпен бірге іс бойынша күдіктінің орынбасары Олжас Әбішев те тергеліп жатыр.
События дня
Kaspi.kz и сооснователи компании Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе передают 10 миллиардов тенге в фонд «Қазақстан халқына»