Дариға Назарбаеваның құдасы Имашевтың ұлы қызметінен кетті – дереккөз
Әлжан Имашев «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.
ҚазТАГ ақпаратына сәйкес, мәліметті сейсенбі күні жағдаймен таныс дереккөз растаған. Айта кетейік, Берік Имашев Дариға Назарбаеваның құдасы.
ҚТЖ баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың туысының жұмыстан босатылуына қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Әлжан Имашевтың әпкесі Аида экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің әйелі. Ал олардың әкесі Берік Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын басқарады.
События дня
Kaspi.kz и сооснователи компании Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе передают 10 миллиардов тенге в фонд «Қазақстан халқына»