Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды
Қаржы мониторингі агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын растады.
inAktau.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, сот Ғалымжан Ниязовқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.
– «Ниязов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында ұсталды, – деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайтыны айтылды.
Айта кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
События дня
«Казахстаном правит клептократическая элита, разбогатевшая на украденных у народа деньгах» - Маргарет Ходж