Қазақстандықтар Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етті
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның дереу отставкаға кетуін талап еткен қазақстандықтар петиция құрды.
Петицияда депутаттың кейбір дереккөздер бойынша Дубайдай екені айтылған. Сондай-ақ, отставкаға кету туралы ресми өтініш беру керектігін айтқан.
- Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі мүмкін деген мәселе көптен бері күн тәртібінде тұрған. Бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырғаннан кейін еңбек демалысында. Кейбір ақпарат көздері оның Дубайда екенін айтты. Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етеміз! - делінген петицияда.
10 ақпанда Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Дариға Назарбаеваға сенімсіздік білдіріп, тұңғыш президенттің қызы отставкаға кетуі керек деген ойымен бөлісті.
Фото: РИА