Тоқаевтың баспасөз хатшысы лауазымды қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли «Қазақстан» телерадиокорпорациясының директорлар кеңесін басқарды.
Тағайындау туралы ақпарат дүйсенбі күні телерадиокорпорацияның өзінде расталды. Берік Уәли 2019 жылдың наурыз айынан бері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып келеді.
2018 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасын басқарған.
2016 жылдан бастап министрдің кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры болған.
События дня
«Январские события» предшествовали сокращению количества правонарушений, связанных с экстремизмом и терроризмом