среда, 27 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Нұрмағанбетов Қазақстанға АЭС не үшін керек екенін айтты

Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы шешім 2022 жылы қабылданады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді.

- Құрылыс мәселесі қарастырылуда. Есептеулер көрсетіп отырғандай, Қазақстанға Экологиялық кодекске сәйкес шығарындыларсыз жаңа генерация құру қажет, атом бұл қатарға жатады. Сондықтан атом станциясын салу мәселесі қарастырылуда, бірақ көлемі әлі анықталған жоқ. Шешім, менің ойымша, осы 2022 жылы белгілі болады, - деді Нұрмағанбетов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, атом салатын орын ретінде Алматы облысындағы Үлкен кентімен және Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласымен қатар Қазақстанның батысындағы аймақтары көзделген. Вице-министр еліміздің батысында бұрын атом станциясы жұмыс істегенін де атап өтті.

Нұрмағанбетовтен Қазақстан неліктен АЭС салуды жоспарлап отырғанын сұрады.

- Иә, Германияның мысалы белгілі. Бірақ көрші Франция, керісінше, 20 жаңа реактор салу жөніндегі жұмысын жандандырды. Әр ел өз жолын таңдайды. Финляндия, Беларусь, Швеция, Араб Әмірліктері, Түркия - әлемде 50 реактор қазір құрылыс сатысында. Жасыл энергетикаға жүз пайыз көшу мүмкін емес. Әлемнің бірде-бір елінде ол жоқ. Мұның бәрін реттейтін технологиялар жоқ. Сондықтан, желіде біз алатын 50 герц жоғары сапалы тұрақты электр энергиясы болуы үшін өндіріс-тұтыну теңгерімін қамтамасыз ету қажет, - деп түсіндірді вице-министр

Көмір станцияларынан бас тартуға байланысты тағы бір мәселе - әлемдегі шығарындыларға салынатын салықтар.

- Көміртегі салығы енгізілуде, яғни қазақстандық экспорттаушыларда бұл мәселе бар: металлургия, тіпті мұнай саласы да электр энергиясына сүйенеді. Барлық экспорттық тауарларға салық салынатын болады. Біз бұл тауарларды сата алмаймыз және жұмыспен қамтамасыз ете алмаймыз. Осы қағидаттарға сүйене отырып, осы мәселелер талқыланып жатыр, - деді Нұрмағамбетов.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33