Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған қаражатты қайтару туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев эксклюзив сұхбат берді. Сұхбат Qazaqstan ұлттық арнасында көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге заңсыз жіберілген қаражатты қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірді.
- Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Бұл мәселе бойынша Үкімет екі айдан кейін маған нақты ұсыныстарын айтады. Содан кейін жұмыс басталады. Бұл мәселе бойынша ауқымды сараптама жасау керек. Онсыз болмайды. Содан кейін шетелдегі тиісті мекемелермен келіссөздер жүргізуге кірісеміз. Бұл өте күрделі әрі ұзақ уақытқа созылатын жұмыс болатын сияқты. Оны ашық айтқан жөн. Бірақ әділдікке жету үшін осы жұмысты бастау керек. Шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтаруға тиіспіз, - деді ол.
События дня
Что сказал Токаев о январских событиях, о захвате власти, о Назарбаеве и о ситуации с задержанным Азаматом Батырбаевым
Общественные активисты сделали специальное заявление об оценке текущего момента и будущем развитии страны