Зеленский резервтегі әскери қызметшілерді шақырды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан төнген қауіпке байланысты запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
"Украинская правда" басылымының мәліметіне сәйкес, Зеленский жалпы жұртты жұмылдыру қажет емес екенін айтты.
Зеленский барлық әскери қызметшінің қосымша оқу-жаттығу жиындарын өткізуі туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.
- Мен ерекше уақытта резервшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Біз тек жедел резервке жатқызылған азаматтар туралы айтып отырмыз. Украина армиясының жедел ортадағы барлық ықтимал өзгерістерге дайындығын арттыруымыз керек, - деді Зеленский видеоүндеуде..
События дня
Ежегодный саммит финансистов CFO Summit Idea Exchange & Networking Event 2022 продолжает прием заявок