среда, 27 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстан азаматтары Украинаға қатысты үндеу жасады

Қазақстан азаматтары Украинаға қатысты үндеу жасап, Украина елімен бірге екендерін айтты.

- Қазақстан азаматтарының үндеуі! Украина, біз сенімен біргеміз! Біз жақында ғана қасіретті қаңтар күндерін бастан өткерген көпұлтты Қазақстанның біртұтас халқымыз. Кремльдің Украинаға жасап жатқан әскери агрессиясына аса алаңдап отырмыз. Ғасырлар бойы татулығына сызат түспеген бауырлас екі елдің соғысын көру біз үшін ауыр. Украина тәуелсіз мемлекет! Украин халқының өз елінің тәуелсіздігін қорғауға толық құқығы бар екені даусыз. Біз де Отанымыздың тәуелсіздігін барынша қорғауға дайын екенімізді айтқымыз келеді, - делінген үндеуде.

Сондай-ақ, қорғансыздарға көмектесу қазақтың қанына сіңген қасиет екені де айтылған.

- Халқымыз талай ұлттың басынан сипап, мейірімін төккен. Соғыс зұлматынан қашқан қаншама жанды паналатып, бауырына басқан. Қорғансызға қол ұшын созу - халқымыздың қанына сіңген қасиет. Соғыс кезінде мыңдаған халық туған жерлері мен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болады. Соғыс кезінде адам үшін ең қарапайым деген заттардың өзі тапшы болады: киім-кешек, дәрі-дәрмек, азық-түлік. Кез келген соғыс – ауқымды гуманитарлық дағдарыс. Біз, бауырлас Украина халқымен біргеміз дегіміз келеді!

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді тағдырлары қыл үстінде тұрған украин халқына қолғабыс етуге шақырамыз! Украина еліне арнайы жіберілетін дәрі-дәрмек пен медициналық құралдарды жинап, гуманитарлық көмек беруге шақырамыз!

Гуманитарлық көмекті (медициналық препараттарды) қабылдау пункттері: 1. Астана қаласында: Украина Елшілігі, Жылыой к-сі, 12 Байланыс нөмірі: +7 707 299 93 57 Рахимбек 2. Алматы қаласында: Фонвизин к-сі, 10, 307 каб. Байланыс нөмірі: +7 771 377 77 73 Қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін Украина елшілігінен алуға болады. Қосымшада қажетті дәрі-дәрмектер тізімі берілген.

1. Арман Шораев 2. Айнаш Керней, 3. Бақытжан Бұхарбай 4. Бақытжан Төреғожина 5. Ермұрат Бапи 6. Дина Елгезек 7. Досым Сәтбаев 8. Қарлығаш Еженова 9. Марғұлан Сейсембаев 10. Мұхтар Жәкішев 11. Рахымбек Әбдірахманов 12. Санжар Боқаев 13. Тоғжан Қожалиева.

Дәрі-дәрмек сатып алуға жиналатын қаражат үшін Рахымбек Әбдірахмановтың каспий картасының деректері: 5169 4491 1448 9911. Карта +7707 299 93 57 телефон нөміріне қосылған, - делінген үндеуде.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33