Google платформасы ресейлік БАҚ-қа шектеу жасады
«Гугл» компаниясы мемлекет тарапынан қаржыландырылатын Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына «Ютуб» секілді өз платформалары мен қосымшаларында пайда табуға тыйым салады.
Енді ресейлік БАҚ табыс табу үшін корпорацияның жарнамалық технологияларын қолдана алмайды. Бұған дейін Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілеріне иелік ететін Мета компаниясының басшылығы да осындай шешім қабылдаған.
Осылайша Ресейдің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарына пайдаға кенелу мақсатында өз платформасын қолданып, жарнама жария етуге тыйым салды.
События дня
СМИ: Роскомнадзор требует от десятка русскоязычных изданий удалить материалы о войне в Украине под угрозой блокировки