Қазақстанда запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылады
Қазақстан Үкіметі запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыны қабылдады.
- 2022 жылы офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және одан өтпеген запастағы офицерлерді заңнамада белгіленген тәртіппен екі жыл мерзімге әскери қызметке шақыру, - делінген құжатта.
Екі жылға барлығы 190 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады.
Оның ішінде:
Қарулы Күштерде - 150 адам.
Шекара қызметіне - 40 адам.
Айта кетейік, қаулы 2022 жылғы 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
События дня
Главный редактор Exclusive Карлыгаш Еженова вошла в состав учредителей фонда по борьбе с коррупцией «Транспаренси Казахстан»