Ресей Украинаның 1612 әскери нысанын жойғанын айтты
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинада 1600-ден астам әскери нысан талқандалды деп мәлімдеді.
«Хабар 24» мәліметінше, олардың арасында зениттік және зымыран атқыш кешендер мен радиолокациялық станциялар, ұшақтар, танкілер мен басқа техникалар бар.
Кремль Донецк мен Луганскідегі күштерге Украина сарбаздары кезекті рет соққы жасағанын жеткізді. Шабуылдан бір тұрғын жарақат алған. Өзін-өзі жариялаған ЛХР мен ДХР Ресей әскерінің қолдауымен күресті жалғастыруда.
Қорғаныс министрлігі Херсон қаласын басып алғаны туралы ақпарат таратты. Бірақ Украина тарапы бұл мәліметті жоққа шығарып үлгерді.
Фото ашық деректерден
События дня
ВБ прекращает все свои программы в России и Белоруссии, а в Конгресс США внесли законопроект о санкциях против «Газпрома», «Роснефти» и RT
Казахстан «воздержался» при голосовании в Генассамблее ООН по резолюции с осуждением спецоперации России в Украине