Ресейлік тележүргізушінің YouTube арнасы бұғатталды
YouTube қызмет көрсету ережелерін бұзғаны үшін ресейлік тележүргізуші және журналист Владимир Соловьевтің "Соловьев Live" деп аталатын негізгі және резервтік арналарын бұғаттады.
- Бұл аккаунт YouTube қауымдастығының ережелерін бұзғаны үшін бұғатталған, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, "Вечер с Владимиром Соловьевым" арнасы да жойылды. Соловьев арналарында миллионнан астам жазылушы болған.
Тележүргізуші Telegram-да ютуб компаниясының бұл әрекетіне пікір білдірді.
- Күтеміз You Tube кешірім сұрау керек немесе жабылады. Ресей Федерациясының аумағында YouTube-ті жабатын кез келді, - деп жазды ол.
Бұған дейін Ресейге қарсы батыс санкцияларының аясында Соловьевтен Италиядағы Комо көліндегі жалпы құны сегіз миллион еуро болатын екі Вилла тәркіленді.