Бас прокуратура Нұрқаділовтің ісін қайта бастау туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Бас прокуратурада Заманбек Нұрқаділовтың өлімі туралы қылмыстық істің қайта қаралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берілді.
- Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтың қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қайрат Нұрқаділовтың үндеуі ведомствода қаралуда, - делінген Бас прокуратураның Telegram-каналында.
Заманбек Нұрқаділов - қоғам қайраткері, Алматы облысының бұрынғы әкімі, Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бұрынғы басшысы. 2005 қайтыс болды.