БҰҰ Украинадан кеткен босқындар санын жариялады
БҰҰ Украинадан кеткен босқындардың 4,5 миллион адамға жеткенін мәлімдеді.
БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) 24 ақпаннан бастап 4 503 954 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасынан өткенін хабарлады.
Польша шекарасынан 2 593 902, Румыниядаг - 686 232, Венгриядан - 419 101, Молдовадан - 410 882, Ресейден - 404 418, Словакиядан - 314 485 және Беларусь шекарасынан - 19 096 босқын өткен.
Бұдан бөлек БҰҰ 18-23 ақпан аралығында Ресейге Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан 113 мың адам келгенін хабарлады.
БҰҰ еуроаймаққа келген босқындардың бір бөлігі Еуропалық Одақтың басқа елдеріне, Италия, Германия, Франция, Чехияға өтіп кеткенін жеткізді.
Бұған дейін БҰҰ бұл процесті ауқымы мен жылдамдығына қарай Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен көші-қон дағдарысы деп аталды. Сонымен қатар, шетелде жүрген украиндық босқындардың жартысына жуығы балалар.
Фото: БНР