Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылды
Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Мемлекет басшысының Өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Ернар Басаевты президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің көмекшісі-меңгерушісі етіп тағайындаған еді.
Мағзұм Мырзағалиев 13 қаңтарда Президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстанның энергетика министрі қызметін атқарған. Бұл лауазымда ол төрт ай жұмыс істеді.