Қазақстан ресейлік СБЕР-мен келісімнен бас тартты
Қазақстан ресейлік CБЕР-мен цифрлық үкімет құру туралы келісімнен бас тартты. Нұр-Сұлтан бұл жобаны отандық IT-мамандарымен бірігіп, өз күшімен жүзеге асырады.
Азаттық мәліметінше, бұл жөнінде жұма күні цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин хабарлады.
- Геосаяси жағдай мен өз мүмкіндіктерімізді саралағаннан кейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ымен бірігіп, отандық IT-платформада өзіміз жүзеге асырамыз деп шештік. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Отандық жүйеге екі-үш жылдан кейін көшеміз, осы жылдың соңына дейін алғашқы сервистері дайын болады, - деді Жамбакин.
Фото ашық деректерден