«Склярға сыйлық»: Алматыда утильалымға қарсы митинг өтті
17 сәуірде Алматыда #НЕТУТИЛЬСБОРУ қозғалысы бейбіт митинг өткізді. Митинг Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта өтті.
Митингке Санжар Боқаев, Болат Әбілов, Нұржан Әлтаев, Гаури Кулиманова, Евгений Мұхамеджанов, Алмасбек Садырбаев, Бақытжан Көпбаев, Миляс Шәріпов, Тоғжан Қожалиева, Данияр Мақешов, Мейрам Тілеухан, Владимир Ким қатысты.
Новости по теме
Участники митинга #НЕТУТИЛЬСБОРУ приняли резолюцию и написали письмо Токаеву
Сегодня в Алматы движение #НЕТУТИЛЬСБОРУ, представители ассоциаций и союзов предпринимателей и народ Казахстана провели мирный митинг: «#НЕТУТИЛЬСБОРУ, Отмена первичной!», где приняли резолюцию и зачитали обращение к президенту Токаеву.
17.04.2022 14:04В наши карманы засовывают свои грязные руки олигархи и чиновники - Бокаев по утильсбору
17 апреля в Алматы движение #НЕТУТИЛЬСБОРУ, представители ассоциаций и союзов предпринимателей и народ Казахстана провели мирный митинг: «#НЕТУТИЛЬСБОРУ, Отмена первичной!». Митинг прошел в сквере имени Шокана Валиханова.
17.04.2022 13:04Митингте бірінші болып саясаттанушы Санжар Боқаев сөз сөйледі. Санжар Боқаев митингке жиналғандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, утильалым мәселесі әлеуметтік әділетсіздік тудырып отырғанын жеткізді.
- Дәл осы мәселе біздің қоғам үшін әлеуметтік әділетсіздік. Өткен жылы да біз утильалымның артында кім тұрғанын айтып бергенбіз. Әлия Назарбаева және оның отбасы деп айтқан едік. Кейін өздеріңіз білетіндей қанды оқиғалар болды. Сондықтан ұйымдастырушылар атынан қаңтар құрбандарына көңіл айтамыз. Тоқаевтың тапсырмасынан кейін де Үкімет екі ай бойы 50 пайызға арзандатуды ойластырып, екі жарым ай бойы бұл реформаны жүзеге асырғысы келмейді. Біз жаңа Қазақстанды қалай құрамыз? - деді Боқаев.
Тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының төрағасы Нұржан Әлтаев та утильалым туралы пікір білдірді.
- Біз отыз жыл шыдап келдік. Отыз жыл ішінде саясатта олигополия, монополия болды. Монополияның кесірінен қаңтар оқиғасы болды. Қанша қазақ жігіттері қаза тапты, алаңда қаны төгілді. Бірақ билікте өзгеріс болып жатқан жоқ. Біз үлкен үмітпен қарағанбыз. Қаңтар оқиғасынан кейін жемқорлықты қойып, халыққа бет бұрады дегенбіз. Баяғы жартас, сол жартас. Утильалым сол күйі қалды, бір компания басқасына ауысты. Нарықтағы баға өсіп жатыр. Соңғы бірнеше жылда елден 100 млрд доллар ұрланған, - деді Әлтаев.