Генерал-майор Қарақұлов изолятордан босатылды
19 сәуірде ұсталған генерал-майор Қайдар Қарақұлов изолятордан босатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы хабарлады.
- Бас прокурордың көмекшісі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қайдар Қарақұловты уақытша ұстау изоляторынан босатты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - делінген хабарламада.
Еске салайық Қайдар Қарақұловтың 19 сәуір күні ұсталған еді. Ол Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір ауылындағы өрт және жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында Қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша ("Қызметке салғырт қарау") күдікті деп танылған.
Фото: sarbaz.kz