Қоныспаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болды
Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
- Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатбекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.
Ермұхамбет Қоныспаев 2019 жылдан бастап Германияның Франкфурт қаласында Қазақстанның Бас консулы лауазымын атқарды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, сондай-ақ Ахен қаласындағы Рейн-Вестфаль техникалық университетінің магистратурасын "Еуропалық зерттеулер"мамандығы бойынша бітірген. "Болашақ"халықаралық білім беру стипендиясының түлегі.
II санатты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Фото:gov.kz