БҰҰ бас хатшысы Украинаға барады
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 28 сәуірде Украинаға барады, ол сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен кездеседі.
Сонымен қатар Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу жоспарланған. Бұл туралы БҰҰ баспасөз қызметі хабарлады.
Гутерриштің Украина халқына гуманитарлық көмекті кеңейтуді талқылау үшін БҰҰ агенттіктерінің қызметкерлерімен кездесуі жоспарланған.
Бұған дейін 26 сәуірде Гутерриш Мәскеуге Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізу үшін баратыны белгілі болды. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.
Ресей Федерациясы мен Украинадағы жағдайды талқылау үшін Гутерриш Мәскеу мен Киевке баратынын айтқан еді.
События дня
Казахстан ждет разбирательство с разработчиком платформы, который обойдется стране в 17,8 млн долларов- брат Биртанова
Продюсеров фильма «Ржавчина», на которых была убита Болдуином оператор, оштрафовали на 137 тысяч долларов