АҚШ жойылудың алдында тұр - Трамп
Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп АҚШ президенті Джо Байден елін әуреге салғанын айтты.
- Бізде мұндай нәрсе ешқашан болған емес. Ал қазір, өкінішке орай, бізде не болып жатқанын мүлдем білмейтін президент бар. Ол шатасып жатыр, - деді Дональд Трамп.
Ол Байденнің, парламент спикері Нэнси Пелосидің және радикалды демократтардың әрекеті Американың күйреуіне әкелетінін жеткізді.
Сайлау алаяқтық жолмен өтті, дауыс ұрланды. Ал қазір біздің ел жойылудың алдында тұр, - деді Трамп.
Трамп Байденнің іс-шарада сөйлеген сөзін еске түсірді. 21 сәуірде американдық көшбасшы Грин Ривер колледжінде сөз сөйледі. Кейін ол залға қолын созып, түсініксіз әрекет жасаған.
Фото: RT
События дня
Мать осужденного по обвинению в «пропаганде терроризма» Маженова заявила, что сына пытали в тюрьме - СМИ
Казахстан ждет разбирательство с разработчиком платформы, который обойдется стране в 17,8 млн долларов- брат Биртанова
Продюсеров фильма «Ржавчина», на которых была убита Болдуином оператор, оштрафовали на 137 тысяч долларов