Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беру ұсынылды
«Қазақстан халық партиясының» депутаттары Дінмұхамед Қонаевтың есімін Алматы әуежайына беруді ұсынды.
- «Қазақстан халық партиясының» депутаттары Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасының жалғасы ретінде, алматылықтардың бастамасын қолдай отырып, Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз, - деді депутат Ерлан Смайылов.
Бұл өтініш премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жіберілді.
Фото из открытых источников