Ердоған Украина мен Ресейге қатысты мәлімдеме жасады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленский Украинаның шығысына қатысты бір шешімге келеді деп санайды. Сондай-ақ, мұндай маңызды шешімнің Түркияда қабылданатынын айтты.
- Біздің ниетіміз - Ресей мен Украина президенттерін Стамбулда немесе Анкарада кездестіру. Украинаның шығысына қатысты шешімдер қабылданатын орын Түркия болады, - деді Ердоған.
Сондай-ақ, Түркия президенті осы аптада Путинмен телефон арқылы сөйлескісі келетінін айтты. Айта кетейік, соңғы рет ел басшылары сәуір айының соңында телефон арқылы сөйлесті.
Фото: Газета. Ру
События дня
При рейдерском захвате бизнеса кланом Болата Назарбаева фигурируют одни и те же лица - супруга бизнесмена Алмаса Абдыгаппарова