Мәжілістің жаңа депутаты халыққа ант берді
Мәжілістің жаңа депутаты Зәкіржан Күзиев Қазақстан халқына ант берді.
Мәжілістің жаңа депутаты экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінде жұмыс істейтін болады.
- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант етемін, - деді Зәкіржан Күзиев Мәжілістің жалпы отырысында.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Зәкіржан Күзиевті барлық депутаттық корпустың атынан құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Зәкіржан Күзиев 28 сәуірде 60,94% дауыс жинап, Мәжіліс депутаты болып сайланды.