Түркиялық саясаткер Зеленскийдің мәлімдемесіне жауап берді
Түрік ұлтшыл қозғалысының жетекшісі Девлет Бахчели Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесіне жауап берді. Түрік саясаткері Зеленскийге Түркия туралы айтқан кезде құрметпен қарауды ұсынды.
- Украина-Ресей соғысына әлем елдерінің көзқарасы мен ұстанымдарын ескере отырып, Зеленский түрік халқына, түрік мемлекетіне және Түркия үкіметіне өте құрметпен қарау керек, - деді Бахчели.
Оның айтуынша, бүгінде Түркия Стамбул процесі арқылы соғысты шешуге тырысатын жалғыз ел.
- Осы мәселе бойынша Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 40-тан астам елдің көшбасшыларымен байланыс орнатқан. Жақында ол жетістікке жетеді деп сенемін. Зеленский Грецияға емес, түрік халқына сенсе жақсы болар еді, - деді партия жетекшісі.
Бұған дейін Зеленский грек RT телеарнасына берген сұхбатында Түркия Ресейден туристерді қабылдау кезінде қос стандарттар ережесін пайдаланады деген пікір білдірді.