Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 млрд доллар бөледі
Киев "тұрақты мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік шығыстарды қолдау" жобасы аясында қомақты қаражатқа ие болмақ.
Қаржы мемлекеттік органдар мен білім беру саласының бюджеттік мекемелері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін бюджет шығыстарын өтеуге жұмсалады.
Бұған дейін Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль ресейлік мүлік есебінен елді қалпына келтіру қорын қаржыландыруды ұсынған болатын.
Саясаткер қор бес көзден: халықаралық және қаржы ұйымдарынан, гуманитарлық ұйымдардан, жеке фирмалардан, сондай-ақ Украинаға берілген тәркіленген мүлік есебінен толықтырылатынына үміт білдірді.