Боранбаев пен Сатыбалдыұлының қамау мерзімі ұзартылды
Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды.
- 10 мамырда Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. С. Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір ай мерзімге ұзартты.
12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір ай мерзімге ұзартты, - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қайрат Сатыбалдыұлы 13 наурызда ұсталды. Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс үшін екі айға қамауға алынды.
Фото ашық деректерден