ENACTUS бағдарламасы жастардың іскерлік қабілетін ашады
Студенттер қала мен ауыл арасында ынтымақтастық байланыс орнап келеді. Қызықты идеяны қазіргі таңда Saken Seifullin Kazakh Agro Technical University (Нұр-Сұлтан қ.) командасы жүзеге асыруда. Қала тұрғыны салған қаржылық жарнаға тауықтар, жем-шөп, ветеринарлық препараттар мен жабдықтар сатып алынады. Мұның бәрі өз инвесторлары үшін құс өсіретін ауыл тұрғынына беріледі.
Нәтижесінде қала тұрғындары құс етін қолжетімді бағамен сатып алса, ауыл тұрғындары жұмысқа орналасты. Студенттер өз жобаларына Ақмола және Қарағанды облыстарының ауылды аймақтарын жұмылдырды. 14 жеке қосалқы шаруашылық тартылған. 14,2 тонна құс еті өндірілді. Орта есеппен бір шаруашылық әр екі айда 200 бас құс өсіреді, одан 400 000 теңге табады.
Ауыл тұрғындарының шаруашылықпен айналысуға дайындығы мен қабілеті бар, бірақ бастапқы капиталы жоқ.Ал студенттердің ұсынған моделі қала тұрғындарының ауылды қаржыландыруға көмектесуіне ықпал етеді. Нәтиженсінда қала тұрғындары сапалы құс етін тиімді бағамен сатып алады. Осы тұрғыдан алғанда ынтымақтастықтың пайдасы екі жақты.
Saken Seifullin Kazakh Agro Technical University командасы дәл осы жобасымен 2022 жылғы 13 мамырда ENACTUS Kazakhstan National EXPO 2022 Ұлттық чемпионатында – жыл сайынғы белсенді жастар арасындағы жарыста жеңіске жетті. Биыл 100-ден астам отандық жоғары оқу орындары мен мектептерден құралған командалар БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына сәйкес келетін өздерінің әлеуметтік-экономикалық жобаларын ұсынды. Осындай, Enactus қамқорлығымен ұйымдастырылған байқаулар 34 елде өтеді.
Үздіктер биыл Пуэрто-Рикода өтетін Әлем кубогына қатысады. Қазылар алқасының, беделді бизнес-көшбасшылардың пікірінше, Қазақстанды халықаралық біріншілікте Saken Seifullin Kazakh Agro Technical University командасы "Ауладан үстелге құс" жобасымен лайықты түрде таныстырады. Айтпақшы, қазылар алқасының бір мүшесі - "Олжа Агро" ірі агроөнеркәсіптік холдингінің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров жобаны үлкейтілген көлемде жүзеге асыру үшін оған инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді.
- ENACTUS Kazakhstan адам өзінің дарыны мен көп жұмыс істеуге деген ықыласына сүйенсе, онда нәтиже сөзсіз болатының дәлелдейді. Оның үстіне, бізде аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар көп, және бұл жерде олар өздері үшін де, жақындары үшін де табысқа жетуге көмектесетін машықтарға ие болады, - деді ENACTUS Kazakhstan президенті Альбина Ержанова.
Білім және ғылым министрлігі өз кезегінде ENACTUS бағдарламасын қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.
– Біздің қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларымен елге және қоғамға қажет екенін көріп, өздеріне сенімді болады. Жасөспірім жеңіске жетіп, одан әрі алға жылжу үшін ресурстар ала алады – бұл оның ең жақсы көрінісіндегі әлеуметтік лифті. Сондықтан жастардың іскерлік қабілетін дамытып, жаңа табыстарға жеткізетін әділетті жүйені ENACTUS Kazakhstan жүзеге асырды деп батыл айтуға болады. Чемпионаттан чемпионатқа дейін біз жастар ортасында жаңа жұлдыздардың жанып жатқанын көреміз. Әрбір Enactus Kazakhstan кубогы – нағызталанттар шеруі! – деп хабарлады министрлік.
Ұлттық кубокта ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі.
– ENACTUS Kazakhstan сыни ойлауды, команда құруды, project management-ті дамытуға сүйене отырып, атқаратын жұмысы отандық білім беру жүйесінде жүріп жатқан қозғалыспен толық сәйкес келеді. Біз сол құндылықтар мен міндеттер туралы ойлаймыз, сондықтан, әрине, ENACTUS Kazakhstan - ның қазақстандық мектептер мен жоғары оқу орындары арасында танымалдығы артып келе жатқанына қуанамыз. Мен министр ретінде осы ұйымды белсенді қолдаймын, жоғары оқу орындарының ректорлары мен мектеп директорларына ENACTUS Kazakhstan-да балалар айналысатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға көмектесуге тапсырмалар бердім. Сіздер білесіздер, біз мектептерде "кәсіпкерлік негіздері" пәнін енгіздік, осы тұрғыдан алғанда ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Маған ENACTUS Kazakhstan бағдарламасының жастардың жеке бастамаларына негізделгені ұнайды, жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. ENACTUS Kazakhstan ның тағы бір күшті жағы – жастарды бизнес-қауымдастық қолдайды, сондықтан олардың жобалары практикалық және адамдардың нақты қажеттіліктеріне биімделген. ENACTUS Kazakhstan қызметі арқылы біз жаңа ұрпақтың прогрессивті, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылыққа, білімге ашық және жылдам оқуға ұмтылатынын көреміз. Бір таңқаларлығы, жасөспірімдер сондай маңызды идеяларды ойлап тауып, оларды өмірге енгізеді. Оларға тек бір нәрсені тілеймін: батыл болуды тоқтатпау! - деді министр.
Отандық бизнес-қауымдастығымен Қазақстан үкіметі тарапынан осындай қуатты қолдау болған кезде, Saken Seifullin Kazakh Agro Technical University командасы Enactus әлем кубогында табысты өнер көрсету мүмкіндігіне ие. Естеріңізге сала кетейік, ол 2022 жылдың күзінде Пуэрто-Рикода өтеді. Мүмкін, онда қала мен ауыл ынтымақтастығының қазақстандық моделі халықаралық деңгейде танылуына жол ашылады.
Студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен Инновациялардың ұлттық кубогының нәтижелері:
1 орын — Seifullin University, Нұр-Сұлтан қ.
2 орын — Astana Medical University, Нұр-Сұлтан қ.
3 орын — Semey Medical University, Семей қ.
4 орын — Toraighyrov University, Павлодар қ.
III Республикалық мектеп оқушылары арасындағы кәсіпкерлік чемпионатының нәтижелері:
1 орын – ФМБ НЗМ, Талдықорған қаласы
2 орын — Нұр-сұлтан қаласының халықаралық мектебі
3 орын — ФМБ НЗМ, Тараз қаласы
4 орын — ФМБ НЗМ, Орал қаласы
Early Stage Competition нәтижелері (дамудың бастапқы кезеңіндегі жобалар):
1 орын— Қостанай жоғары политехникалық колледжі
2 орын — Шет тілдер колледжі, Қарағанды қ.
3 орын — KIMEP University, Алматы қ.
4 орын— NARXOZ University, Алматы қ.
"Олжа Агро" компаниясынан "жерге деген іңкәрлік, адамдарға деген қамқорлық" арнайы конкурсының нәтижелері:
1 орын — Seifullin University, Нұр-Сұлтан қ. (грант 2 000 000 теңге)
2 орын — ФМБ НЗМ, Семей қ. (грант 1 000 000 теңге)
3 орын — Астана медицина университеті, Нұр-Сұлтан қ. (грант 500 000 теңге)
Шеврон компаниясының мектеп командалары арасындағы "Kazakhstan Water Race" арнайы байқауының нәтижелері:
1 орын – ФМБ НЗМ, Тараз қ., "AquaTrap" жобасы (грант 1 000 000 теңге)
2 орын – № 104 мектеп-гимназия, Қарағанды қ., "Жергілікті ағынмен ауыл шаруашылық жерлерін суару" жобасы (грант 700 000 тенге)
3 орын – ФМБ НЗМ, Орал қаласы, "Tap to clean" жобасы (грант 300 000 теңге)
Шеврон компаниясының студенттік командалар арасындағы "Kazakhstan Water Race" арнайы байқауының нәтижелері:
1 орын - Академик Е. А. Бөкетов атындағы университеті, Қарағанды қ., "Green Capsules" жобасы (грант 1 000 000 теңге)
2 орын - Қызылорда қаласының Қорқыт ата атындағы университеті, "Syr-live" жобасы (грант 700 000 теңге)
3 орын - Narxoz University, Алматы қ., "Hydro2peOple" жобасы (грант 300 000 теңге)
KMF және KMF-Демеу келесі командаларды марапаттады:
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Университет, Қарағанды қ. — грант 1 000 000 теңге.
- Seifullin University, Нұр-сұлтан қ. - 1 000 000 теңге грант.
KT CLOUD LAB жүлде гранттары:
-Тұран университеті, Алматы қ. - 500 000 теңге;
- ФМБ НЗМ, Орал қаласы - 500 000 теңге.